Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Оқу ортасы арқылы саралау



Pdf көрінісі
бет35/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

4. Оқу ортасы арқылы саралау
1)
оқыту 
үдерісіне 
физикалық 
элементтермен 
қатар 
психологиялық 
элементтерді де қамту арқылы оқуды 
оңтайландыру; 
2)
жеке жұмыс пен топтық жұмыстарды 
тиімді ұйымдастыруға көмектесетін әртүрлі 
жиһаздар мен құрылғыларды пайдалана 
отырып, икемді жоспарлау;
3)
топты басқару әдістері қауіпсіз және 
жайлы оқу ортасын құруға мүмкіндік береді. 
Диалогтік оқу
Ғылыми зерттеу нәтижелері көрсеткендей, диалог сабақта маңызды орын алады. 
Мерсер және Литлтонның (2007) зерттеулері топтағы диалог балалардың зияткерлік 
тұрғыдан дамуына және оқудың нәтижелі болуына септігін тигізетінін көрсетті. Аталған 
авторлардың зерттеулерінде ересектермен интербелсенді әңгімелесу де, сонымен қатар 
құрдастарымен бірлескен жұмыс та балалардың оқуы мен танымдық дамуына ықпал 
ететіндігі атап көрсетілген. Жан-жақты, шығармашыл және ойлануға түрткі болатын 
әңгімелерге ынталандырып, қолдау көрсететін оқыту тәсілдері («педагог-бала», «бала-
бала») «диалогке негізделген оқу» деп аталады.
Л.Выготский мектеп жасына дейінгі балаларды танымдық даму әрекеттері 
әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті балалармен араласу 
және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы балаларды 
ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субъекті ретінде суреттейді. 
Сонымен қатар Выготский балалар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» 
(ЖАДА) жұмыс істегенде, танымдық дамудың жақсаратындығын атап көрсеткен. ЖАДА 
оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетінше орындай алмайтын тапсырмалар 
көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда балаларға жаңаны үйренуде тірек 
болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты 
қамтиды, Л. Выготский бұл жағдайда қарым-қатынасты оқытудың негізгі құралы деп 
есептейді. 
Л. Выготскийдің оқу моделі бойынша бала диалогке қатысу нәтижесінде білім 
алады деген тұжырым жасалады. Сондықтан оқушының білім деңгейін дамытуға 
әлеуметтік қолдау көрсетуде педагогтің рөлі шешуші болып табылады. Балалардың өзіне 
қарағанда көбірек білетін басқа адамдармен, мәселен, педагогпен немесе 
сыныптастарымен диалог жүргізуге мүмкіндігі болған жағдайда оның оқып-үйренуі 
жеңілдейді. Ұсынылатын идеялар әзірге баланың түсінік аясында емес, ЖАДА аясында 
қарастырылған жағдайда оқу табысты болмақ.
Л. Выготскийдің баланы оқытуда сөйлеудің маңызды рөл атқаратындығы туралы 
пікірі эмпирикалық зерттеулерге негізделген. Барнс (1971) тілдің топта немесе сабақта 
қаншалықты дәрежеде қолданылатыны оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететіні 
туралы тұжырым жасаған. Ол оқудың педагогті енжар тыңдау арқылы ғана емес
вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу 


барысында да жүзеге асатынын атап көрсетті. Мерсер мен Ходжкинсонның (2008) 
кейінгі зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделген және оқыту үдерісінде
диалогтің атқаратын маңызды рөліне назар аударуға бағытталған. 
Қазіргі кезде балалардың оқу барысында өзара әңгімелесуінің көптеген 
артықшылықтарын көрсететін дәлелдер жеткілікті, бұлар:
• балалардың өз ойы мен түсінігін білдіруіне мүмкіндік береді; 
• басқа адамдарда ой-пікірі басқаша болуы мүмкін екендігін түсінуіне 
көмектеседі; 
• балалардың өз пікірі мен көзқарасын дәлелдеуіне көмектеседі; 
• педагогтің балалар оқып-үйренудің қандай деңгейінде екенін түсінуіне 
көмектеседі. 
Көп жағдайда сыныптағы талқылау педагогтің басқаруымен және белгіленген
тақырып төңірегінде, оқушының нені қашан және қалай дұрыс айтуды басқаруы арқылы 
жүргізіледі. Балалар топта немесе сабақта өз ойын айтуға құлықсыз болады. Көп 
жағдайда балалар педагогке «Бұл қызықты екен» деп айта қоймайды.
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, педагогтің өзі сұрақтар қойып, балалардың 
жауаптарын қайталап, мадақтап не қолдап отыратын топтағы қалыпты әңгімелесу стилі 
балалардың ойлау деңгейін де, сөйлеу дағдыларын да дамыта алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет