барысында да жүзеге асатынын атап көрсетті. Мерсер мен Ходжкинсонның (2008)
кейінгі зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделген және оқыту үдерісінде
диалогтің атқаратын маңызды рөліне назар аударуға бағытталған.
Қазіргі кезде балалардың оқу барысында өзара әңгімелесуінің көптеген
артықшылықтарын көрсететін дәлелдер жеткілікті, бұлар:
• балалардың өз ойы мен түсінігін білдіруіне мүмкіндік береді;
• басқа адамдарда ой-пікірі басқаша болуы мүмкін екендігін түсінуіне
көмектеседі;
• балалардың өз пікірі мен көзқарасын дәлелдеуіне көмектеседі;
• педагогтің балалар оқып-үйренудің қандай деңгейінде екенін түсінуіне
көмектеседі.
Көп жағдайда сыныптағы талқылау педагогтің басқаруымен және белгіленген
тақырып төңірегінде, оқушының нені қашан және қалай дұрыс айтуды басқаруы арқылы
жүргізіледі. Балалар топта немесе сабақта өз ойын айтуға құлықсыз болады. Көп
жағдайда балалар педагогке «Бұл қызықты екен» деп айта қоймайды.
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, педагогтің өзі сұрақтар қойып, балалардың
жауаптарын қайталап, мадақтап не қолдап отыратын топтағы қалыпты әңгімелесу стилі
балалардың ойлау деңгейін де, сөйлеу дағдыларын да дамыта алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: