Байланысты: 3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2
Зияткерлік туралы қазіргі зерттеулер: зияткерліктің қырлары Зияткерлікті ақылой қабілеттерінің тестілерімен өлшенетін құбылыс ретінде
қарастыратын ғалымдар мен зерттеушілер үшін зияткерлікке қатысты жаңа ойпікірлер
әрдайым проблема болатыны шындық. Әртүрлі қабілеттер арасындағы өзара
байланысқа негізделген зерттеулер жүргізу және ортақ зияткерлік факторының бар
екендігі туралы пікірді берік ұстанатын тұрақты дәстүрлер осы күнге дейін сақталып
отыр. Алайда Говард Гарднер (2006) зияткерліктің өзара байланысын тап басып көрсету
мүмкін емес деп ондай дәлелдемелердің басым бөлігін жоққа шығарады.
Гарднер субъектілер көп қырлы зияткерлікке (КҚЗ) ие деп есептеген. Сол арқылы
ол зияткерлікті өлшенетін және зияткерлік коэффициентіне (IQ) қосылатын бірыңғай
және жалпы қабілет ретінде қарастырмай, керісінше, лингвистикалық, математикалық,
музыкалық, кинестетикалық және тұлғааралық қабілеттер мен кеңістікте бейімделу
қабілеті сияқты өзара әлсіз қарымқатынаста болатын көптеген зияткерлік қырлары бар
екенін мойындауымыз керек деп қорытады.
Говард Гарднердің жұмысына айтылған жалпы сын оның теорияларының басым
бөлігі эмпиристік зерттеулер аясындағы кешенді және толық негіздемелерге емес, өзінің
жеке интуиция сы мен пайымдауларына негізделген дегенге келіп саяды. Қазіргі уақытта
зияткерліктің қырларын анықтауға және өлшеуге арнап әзірленген нақты кешенді тестілер
жүйесі жоқ. Дегенмен Гарднер ентаңба жапсырып, жалпылама қорытынды жасауға
апарып соғады деген алаңдаушылықтан тестілеу әдісіне ден қоймаған. Мидың жұмыс
істеуі жөніндегі зияткерлік қырлары тұжырымдамасын қолдайтын зерттеулер, жалпы
алғанда, әлі де жалғасып жатыр, бірақ олар Говард Гарднер теориясының ерекшелігін
қолдамайды.
Зиятқа қатысты соңғы зерттеулер, атап айтқанда, Роберт Стернберг ұсынған
« үштік модель»
теориясы Гарднердің зияткерліктің стандартты теориясына сенімсіздігі
туралы ойларымен ұштасып жатты. Алайда, Гарднерге қарағанда, Стернберг адам
санасында өңделетін нақты материалға аса мән бермейді. Оның орнына ол
зияткерліктің компоненттік, эмпиристік және мәнмәтіндік аспектілеріне назар аударады.
Стернбергтің айтуы бойынша, адами зияткерлік – бұл «жеке тұлға өміріне қатысты
шынайы ортаны бейімдеуге, іріктеуге және құруға бағытталған ой әрекеті» (Sternberg,
2007), яғни зияткер жеке тұлға ретінде өз өміріндегі қоршаған орта өзгерістерін қалай
жеңе алатынын көрсетеді.