Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет33/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

Табиғат немесе тәрбие
«Табиғат тәрбиеге қарсы»
 
деген тезис физикалық немесе мінез­құлық 
сипаттамаларының жеке ерекшеліктерін белгілеуде немесе анықтауда «тәрбие» деп 


белгіленетін жеке тәжірибеге қатысты жеке тұлғаның туа біткен қасиеттерінің, яғни 
«табиғаттың» маңыздылығы туралы мәселеге қатысты бой көтеріп отыр. 
Тарихи тұрғыдан «тәрбие» ұғымы ата­аналардың балаларына қамқорлық көрсетуі 
ретінде белгіленгеніне, әрі мұнда анаға ерекше рөл берілетіне қарамастан, қазіргі заманғы 
«табиғат тәрбиеге қарсы» 
дауында кейбір зерттеушілер бұл терминді қоршаған 
ортаның факторы ретінде (генетикалық емес) қарастырады. Осылайша, құрсақтағы және 
босанғаннан кейінгі, ата­аналар, туған­туысқандар және құрбы­құрдастардың тәжірибесі, 
сондай­ақ 
бұқаралық 
ақпарат 
құралдары, 
нарықтық 
жағдай 
және 
әлеуметтік­экономикалық мәртебе сияқты себептердің дамуға ықпалын негізге ала 
отырып, «тәрбие» ұғымы қайта қарастырылды. 
Табиғат және тәрбие арасындағы дау – бүгінгі замандағы ең өткір ғылыми 
пікірталастардың бірі болып отыр. Соған қарамастан осы таласқа тартылған барлық 
топтар адамның жеке тұлғаның генетикалық ортасы мен оның тікелей әлеуметтік және 
физикалық қоршаған орта арасындағы өзара қарым­қатынас өнімі екендігін 
мойындайды. Жүргізіліп жатқан соңғы зерттеулерге сәйкес, ген адамның мінез­құлқына, 
ал адамның мінез­құлқы генге әсерін тигізетіні анықталған. Ридли (2004) ген біздің 
мінез­құлқымызды бақыламайды, алайда біздің тәжірибеміздің әсерінен өзгеріп отыра­ 
ды деп пайымдайды. Ол инстинкт білім алуға қарама­қайшы емес, керісінше 
генетикалық әсерге қарағанда қоршаған ортаның ықпалын қайтару ауыр екенін айтқан. 
Өзінің «Тәрбиелеу болжамдары» (
The Nurture Assumption
) деген кітабында 
Джудит Харрис «тәрбие» ұғымын, отбасылық тәрбие мәнмәтініндегі дәстүрлі 
анықтамаға сәйкес, Құрама Штаттары тұрғындарының сипаттамасының басым 
бөлігіндегі қарама­қайшы пікірлерді қажетті деңгейде түсіндіре алмайды деп 
тұжырымдайды. Керісінше, Харрис отбасы әсеріне қарағанда, отбасы тәрбиесіне қатысы 
жоқ құрбы­құрдастар тобы немесе қоршаған ортаның кездейсоқ факторларының 
ықпалы күштірек екенін тілге тиек етеді. Осылайша, отбасының тәрбиесі қалыс қалған 
кезде мектеп тәжірибесі жастардың «тәрбиесінен» елеулі орын алуы мүмкін. 
Саралап оқыту
Саралап оқыту дегеніміз не және ол бізге не үшін керек? Кэрол Энн Томлинсон 
саралап оқытуды балаларды жеке оқыту стильдері мен ұйымдастырылған оқу қызметі 
ретінде сипаттайды. Зерттеу нәтижелері бойынша, саралап оқытудың тиімділігі бұл 
әдістің оқуда әртүрлі қиындықтары бар балалардың немесе қабілетті, дарынды 
балалардың оқуына пайдалы болуында.
Барлық балалардың оқып-үйрену деңгейі немесе қабілеттері бірдей емес. Саралап 
оқыту алдын ала ойластырылған үдеріс болып табылады. Әрбір баланың өзіндік оқып-
үйрену стилі болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет