арқылы білімі мен түсінігін толықтыру);
3)
нұсқау беру/баяндау (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе
ақпаратты
жеткізу, фактілерді, қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру);
4)
талқылау (ақпаратты тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу);
5)
диалог (қателіктер мен тәуекелдерді азайтып, балама таңдауларды қысқартуға,
түсініктер мен қағидаттарды «жеткізуді» тездетуге
ықпал ететін құрылымдалған,
кумулятивтік әңгіме мен пікірталас арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу) (Alexander,
2001, 2008).
Пікірталас және диалог танымдық мүмкіндіктердің молдығымен ерекшеленеді.
Диалог барысында балаларға молырақ мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын
қарастыру
арқылы
өзінің
тұжырымдамалық
түсінігін
тереңдетіп,
дамуын
ынталандыратын әдістер ұсынылады. Бұл – көптеген педагогтердің түсінігі бойынша,
диалог пен ауызекі немесе «интербелсенді» оқыту арасындағы айырмашылықты
қисынды және ұтымды дәлел ретінде қолданатын «диалектика» элементі (Wolfe and
Alexander, 2008).
Дәлелдеме
идеялар мен мүмкіндіктерді алға ілгерілету және келісу деген
анықтама
беруге
болады.
Балалар
өздерінің
құрбы-құрдастарымен
немесе
сарапшылармен диалогтік қарым-қатынас барысында тәжірибе жинақтау және
анағұрлым жоғары деңгейде ойлау дәрежесіне ұмтылу
арқылы балама пікірлер мен
мүмкіндіктерді зерделеу және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін жоғарылатады.
Сұрақ туындаған жағдайда негізгі ақпарат көзі педагог болуы міндетті емес,
балалар
педагогпен бірлесе отырып, қолжетімді дереккөздердің көмегімен зерттеу
жұмыстарын жүргізе алады; педагог балалардың қажетті ақпаратты іздеу, бағалау және
іріктеп таңдау тәсілдері туралы сын тұрғысынан ойлауды үйренуіне көмектесе алады.
Диалогке негізделген педагогика балалар мен педагогтің
оқу барысында жаңалық ашу
арқылы өзара тығыз қарым-қатынас орнатуына жақсы мүмкіндік береді.
Мерсер топтық талқылау барысында өз пікіріне дәлелдеме келтірудің үш түрін
ұсынған:
•
Достарыңызбен бөлісу: