Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Зерттеуге негізделген оқу



Pdf көрінісі
бет36/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

Зерттеуге негізделген оқу
Балалар тобындағы қарым-қатынасты зерттеуге арналған еңбектер белгілі бір 
әрекеттестік үлгілері – зерттеушілік әңгіме, дәлелдеме және диалог – педагогтер мен 
балаларды мағына мен білімді игеруде бірлескен іс-әрекетке тартуымен қатар, жоғары 
деңгейде ойлау қабілетін арттырып, зияткерлік қырларының дамуына ықпалын 
тигізетінін көрсетті. Александердің (2001, 2008) диалог арқылы оқу теориясына
 
сәйкес
балалар тобына жүргізілген қолданбалы зерттеуін зерделейтін болсақ, ол диалектикалық 
және диалогтік педагогика тұрғысынан балалардың ой-пікірлері ескеріле бермейтін 
топтағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күмәнмен қарайды. Көзбен көру және 
ауызша дереккөздермен тікелей қарым-қатынас жасау балалардың дәлелдеу дағдыларын 
жаттықтыруына және барынша тиімді тәсілдермен білім алуына мүмкіндік береді. Бұлар 
кітап арқылы оқыту сияқты дәстүрлі тәсілдерге мүлдем ұқсамайды, сондықтан 
педагогтер өзінің рөліне сын көзімен қайта қарап, білім алу және зерттеп-зерделеу 
үдерісін 
басқарушы емес, бағыттаушы 
қызметіне баса назар аударғаны жөн.
 
Балаларды диалог жүргізуге және дәлелдеме келтіруге, пікірталасқа тарту
белсенді жүргізілген жағдайда, олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері 
жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер көбейе түсуде. Балаларды ХХІ ғасырда және 
келешектегі өскелең қоғамда өмір сүруге қажетті дағдылармен және қасиеттермен 
қаруландыру педагогтер үшін аса маңызды ынталандырушы мақсат болып табылады. 
Балалар күннен-күнге қолжетімділігі артып келе жатқан анағұрлым кең ауқымды қарым-
қатынас үдерісіне тиімді және табысты қатысуға мүмкіндік беретін сын тұрғысынан 
ойлау және зерттеу дағдыларын дамытуы керек (Wolfe and Alexander, 2008). 
Педагогтер баламалы мүмкіндіктердің заңдылығын мойындай отырып,
адамдардың тәжірибесіне сүйене отырып, белгілі бір білімдер жиынтығын меңгертуге 
негізделген қазіргі оқыту мен қалыптасқан ойлау нормаларының арасындағы қарама-
қайшы қатынастарды реттеу тәсілдерін қарастыруы керек. 
Қолданылатын әдістер «зерттеушілік әңгіме» немесе «дәлелдер келтіру» және 
«диалог арқылы оқыту» және «қолдау» ретінде айқындалған. Александер тәжірибе 
жүзінде зерттелген білімді диалог арқылы игерудің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет