77
3.
Тыныс алғанда құймышақтан бастап омыртқаларымызды біртіндеп көтереміз.
Басымыз бен қолымыз босаңсиды. Басымызды ең соңында көтереміз.
4.
Жаттығуды кемінде 3 рет орындаңыз.
Нұсқа:
Жаттығуды отырған күйде орындауға болады. Орындыққа отырыңыз.
Аяғыңызды айқастырыңыз. Тыныс ала отырып
қолдарыңызды жоғары көтеріңіз.
Тыныс шығарғанда
аяғымызға қарай төмен созыламыз,
иығымыз бен
мойнымыз босаңсиды, омыртқамыз созылады. Осы
күйде бір қалыпты қозғаламыз.
Тыныс алғанда
көтерілеміз.
Оқу дағдылары:
Есту және оқу түсініктері
жақсарады, ауызша математикалық есептеу дағдылары
қалыптасады, ақпаратты бағдарлауға жақсы мүмкіндік
береді.
Қосымша:
бұл жаттығу ұзақ отырыстан кейін
босаңсуға
көмектеседі, үйлесімділікті және балансты
сезінуді
жандандырады.
Өз-өзіне
сенімділікті
арттырады, өз ойын еркін жеткізе білуге қабілеттендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: