Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықты диагностикалау және түзету факторы



Pdf көрінісі
бет123/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықты диагностикалау және түзету факторы 
ретінде дағдарысты жағдаяттарды бастан кешіру және жеңу 
Дағдарысты жағдаят туындаған кезден бастап, адам күйзеліс процесі секілді омен тығыз 
қарым-қатынаста болады (Ф.Е. Василюк). Сондықтан дағдарысты жағдаяттарды уайымдау 
тұлғаның әрекеті, оларды жеңуге бағытталған қызмет болып табылады. 
Бастапқы құрамы өзгертілген затқа түрленуі бойынша психикалық әрекет жүргізілетін 
процесс ретінде тұлғаның өзгеруін қарастырады. Өзгеру – дағдарысты жағдаятты бастан 
өткізу-еңсеру ретінде әрекет етеді деп есептеуге болады. Дағдарысты жағдаятты бастан 
өткізу-еңсеру процесінде мінез-құлыққа сәйкес келетін феноменді ерекше атап көрсету 
керек. 
Сәйкес мінез-құлық уайымдау болып табылады, оның мақсаты субъектінің қоршаған 
ортаға бейімделуіне қол жеткізу. Ол оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік 
береді. 
Осылайша, дағдарысты жағдаяттарды бастан кешіру және жеңу – бұл көңілдің 
жайлануын қалыптастыру бойынша ішкі интеллектуалды-сауықтыру әрекеті, өмірдің 
маңыздылығын жоғалту және жаңа мәнді «өндіру» болып табылады. Дағдарысты жағдаятты 
бастан кешіруді «психикалық жай-күй» параметрі бойынша диагностикалауға болады, оған 
мыналар кіреді: 1) жеңіл депрессиялық жабығу күйі; 2) қорқақтық жағдайы; 3) жүйке-
психикалық (эмоционалдық) шиеленістің күйі. Психологиялық кезеңдегі өзгерістер – 
психологиялық өткен өмірге жабысып қалу, оның дискретті/континуалдылығы мен 
шиеленісушілік/шиеленіспеушілігі де дағдарысты жағдаяттың бар екенін көрсетеді. 
Зерттеу нәтижелеріне талдау жүргізу барысында, сыналған жеңіл депрессиялы 
жағдайлардың 79,9%-ы айқын көрсетілген, 13,8%-ы нашар, ал жасөспірімдердің 6,15%-ында 
бұл жағдайлардың болмауы байқалады. 
Сондай-ақ, демобилизация, дезорганизация реакциялары және жүйке-психикалық 
(эмоционалдық) шиеленіс күйі арасында байланыс бар екені анықталды. Бұл жағдай 
сыналғандардың 75,3%-ында айқын, 10,7%-ында төмен және 15,3%-ында байқалмаған. 
Қорқақтық күй (жаңсақтық, мазасыздану, қобалжу, қорқыныш, алаңдау) жеке 
мазасыздануға байланысты жасөспірімдердің 41,8%-ында жоғары деңгейде, 43,6%-ында 
қалыпты (орташа) және 14,5%-ында ғана төмен. Жеке мазасыздану жасөспірімдердің 
агрессивті, суицидтік мінез-құлқымен және жағдайлық алаңдаушылықпен байланысты, бұл 
осы топтың жасөспірімдерінің 23,6%-ында жоғары деңгейде, 50,9%-ында қалыпты және 


90 
25,4%-
ында нашар.
Жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықтың пайда болу механизмі келесідей көрініс 
табуы мүмкін: жасөспірімнің дағдарыстық жағдаятпен өзара іс-қимылы – жағдайлардың 
жиынтығы секілді ситуациялық алаңдаушылықтың пайда болуына алып келеді, жүйке-
психикалық (эмоционалдық) шиеленісуді арандатушы, қорқақтық, сондай-ақ, осындай 
жағдайлық реакциялармен бірге жүретін, дезорганизация, демобилизация, пессимизм және 
оппозиция сияқты жеңіл депрессиялы күйдің пайда болуына алып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет