Байланысты: Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз
индикаторлары :
−
педагогикалық қызметкерлерді, сондай-ақ балаларды медиация негіздеріне оқыту
(
«тең топтарда» медиативтік көзқарас және оң қарым-қатынас технологиялары) есебінен
білім беру процесіне қатысушылар арасындағы теріс әсерді төмендету;
−
балалар арасында агрессивті, зорлық-зомбылық және бейәлеуметтік көріністерді
төмендету;
−
кәмелетке толмағандармен арасында құқық бұзушылықтар санын қысқарту;
−
баланың дамуының қолайсыз траекторияларының алдын алу үшін жағдай жасау;
−
білім беру процесінің барлық қатысушыларының әлеуметтік және даулы құзыреттілік
деңгейін арттыру.
Бұл ретте медиация мен қалпына келтіру тәсілінің көмегімен отбасы мен балаларға
көмек көрсетудің жаңа, неғұрлым тиімді жүйесі, сондай-ақ барлық жастағы және топтағы
балалардың, оның ішінде өмірде қиын жағдайға ұшыраған немесе заңмен қақтығысқа түскен
балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және кепілдігін қамтамасыз ету құрылатын
болады.
Мектеп медиациясы әдісі шеңберінде қойылған мақсатқа қол жеткізу келесі негізгі
міндеттерді шешу жолымен қамтамасыз етіледі:
1) барлық жастағы және топтағы балалардың (өмірлік қиын жағдайға тап болған және
әлеуметтік қауіпті жағдайдағы балаларды қоса алғанда - қолайсыз отбасылардан шыққан
балаларды, девиантты және делинквентті мінез-құлықты балаларды қоса алғанда) құқықтары
мен мүдделерін қорғау, көмек көрсету кепілдіктерін қамтамасыз ету жүйесін құру;
2) әлеуметтік құзыреттілігін арттыру мақсатында (білім беру аспектісі), сондай - ақ
тәрбие сипатындағы міндеттерді шешу үшін (оқушылардың конфликтологиялық мәдениетін,
дербестігін, жауапкершілігін, әлеуметтік нормативін қалыптастыру үшін) педагогикалық
процестің барлық қатысушыларында (әсіресе балалар мен жасөспірімдерде) қақтығыста
сындарлы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.;
3) өмірлік қиын жағдайға тап болған және әлеуметтік қауіпті жағдайдағы балалармен
алдын алу және түзету жұмыстарының тиімділігін арттыру.
Мектеп медиациясы қызметінің ісі тек балалар үшін ғана емес, ересектер үшін де, әр
түрлі даулы жағдайларда сындарлы мінез-құлық мәдениетін қолдау арқылы қауіпсіз
кеңістікті (ортаны) қалыптастыруға бағытталған.
Мектеп қызметінің негізгі функциялары:
1.
Қалпына келтіру - зардап шегуші мен зәбірлеушінің қоғамдағы мәртебесін, олардың
арасындағы және мектеп қоғамдастығындағы қатынастарды қалпына келтіру;
2.
Білім беру - оқушылар мен педагогтердің коммуникативтік құзыреттілігін арттыру;
3.
Тәрбиелік (рефлексия, дербестік дамуын ынталандыру, жауапкершілікті өзіне
қабылдау, болашақты жоспарлау, қатынастардың құндылығын түсіну);
4.
Алдын алу (қақтығыстарды болдырмау).
Мектеп медиациясы