Байланысты: Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз
«Піл» Бұл біріктіруші жаттығу немесе басқаша айтқанда «Ми әнұраны». «Зият-дененің»
барлық жүйесін үйлестіреді, жүйке желілерін ынталандырады және қалпына келтіреді,
зейінді шоғырландыруға ықпал етеді. Қабақтың бұлшықеттерін нығайтады, компьютерде
жұмыс істегеннен кейін арқа-мойынның құрысуын басып дененің босаңсуына әсер ететін
жаттығу.
Орындалуы : тік тұрып орындалады. Денеңізді бос ұстаңыз. Тізеңізді сәл бүгіп,
басыңызды иыққа дейін еңкейтіңіз. Осы иықтан қолды пілдің тұмсығы секілді алға қарай
тартыңыз. Қол көру өрісінің ортасынан бастап жоғары және сағат тіліне қарсы «Жалқау
сегіздікті» салыңыз; бұл ретте көз саусақтар ұшының қозғалысын бақылайды. Жаттығу
жәймен 3-тен беске дейін санау арқылы орындалады, сол құлақты сол қолмен және оң
құлақты оң қолмен сонша рет баяу тартады.