Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Балаларға және отбасыларға психологиялық көмек көрсету әдістері



Pdf көрінісі
бет137/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Балаларға және отбасыларға психологиялық көмек көрсету әдістері 
І. Ата-ананың қараусыздығы, бас тарту және зорлық-зомбылықтың алдын-алу 
және түзетудегі психоәлеуметтік көмек көрсету әдістері 
1. Ойын терапиясы – баланың психикасына заттармен әсер етуде әмбебап, тиімді болып 
табылады. Ойын терапиясы және оның элементтері кез-келген жастағы балалармен жұмыс 


104 
істегенде қолданылуы мүмкін. Жасөспірімдермен жұмыс жасағанда бұл жасөспірім осы 
жұмыс түрін таңдаған жағдайда пайдалы болуы мүмкін. 
1. Құмды терапия. Құммен ойнау балаға өз қиялдарын экстериориздеу арқылы және 
өзінің ішкі сұраныстарына бақылау сезімін қалыптастыру арқылы психологиялық 
жарақаттан құтылуға мүмкіндік береді. Бейсаналық талаптармен, әсіресе өзіндік архетиппен 
байланыс орналастыру және олардың өмірде символикалық түрде өрнектелуі психиканың 
дұрыс жұмыс істеуіне айтарлықтай ықпал етеді. Құмды терапия процесі терапиялық 
қасиеттерге ие және арт-терапияға қарағанда аз кедергі туғызады. Өйткені кейбір балалар 
сурет салуды қаламайды (олар өздерінің көркем қабілеттерін бағалаудан қорқады). 
2. Сериялық сурет салу – терапевтік тәсіл болып табылады, онда консультант баламен 
жиі кездеседі және одан «жай сурет салуды» сұрайды. Осы кездесулер барысында психолог 
пен баланың терапиялық қарым-қатынасы қалыптасады, проблемалар сызбалардағы 
символикалық өрнекте көрсетіледі, соның нәтижесінде ішкі кедергілерді емдеу және шешу 
мүмкіндігі пайда болады. Сериялық сурет - кеңес берушінің қатысуымен сурет 
сабақтарының күнделікті өткізілуін қамтиды. Бұл жағдайда психолог бір қорытынды 
негізінде емес, жалпы Серия немесе жиі қайталанатын мотивтер негізінде қорытынды 
шығарады. Жұмыс барысында бала жиі бір символикалық тақырыпты таңдап, оны бірнеше 
суреттерде пайдаланады. Бұл символдық сурет өзгеріссіз қалады, бірақ ішкі динамиканың 
болуын көрсететін өзгерістерге ұшырайды. Суреттерді пайдалану балаға зорлық-зомбылық 
оқиғаларына байланысты ауыр сынақтарды талқылауға тікелей көмектеседі. 
4. Балалармен жұмыс істеуде, ертегі кейіпкерлерді үлгі ретінде алу арқылы ертегілер 
мен әңгімелерді қолдану күрделі жағдайларды жеңуге үйретеді. Психологиялық жұмыста 
баламен немесе балалар тобымен байланыс орнату мүмкін. Балалар ертегілерді, 
фантастикалық әңгімелерді жақсы көреді және ақыл айтқанды үнатпайды, демек, балаға жан-
жақтан қысым көрсетпей ертегінің көмегімен оның мінез-құлқына әсер етуге болады екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет