Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Дәстүрлі отбасының транформациялануы



Pdf көрінісі
бет15/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

 
Дәстүрлі отбасының транформациялануы 
Отбасы қоғамға тұрақтылық пен халықты кейінгі әрбір ұрпақпен толықтыру 
мүмкіндігін беретін іргелі институттардың бірі болып табылады. Біз отбасының дамуы 
туралы айтқанда, жалпы қоғамның дамуы туралы сөз қозғаймыз. Қазіргі қоғамда болып 
жатқан бірқатар процестердің салдары да, себебі де тікелей отбасының жағдайымен 
байланысты және оған тәуелді болып келеді. Отбасы әлеуметтік динамиканың барлық 
қолданыстағы факторларының қуатты әсерін сезініп қана қоймай, көбінесе осы 
факторлардың анықталуына және жаңғыруына негіз болады.
Жоғары технологиялық негізде «тапсырыс бойынша өндірісті» дамытатын заманауи 
технологияларды енгізу жүргізілуде. Бұл индустриалды революцияға дейін гүлдеген өндіріс 
жүйесін жаңарту, бірақ қазір ол неғұрлым озық күрделі технология негізінде құрылған. 
Мұндай жағдай жоғары білікті қызметкерлердің болуын талап етеді, олар зияткерлік және 
психологиялық тұрғыдан неғұрлым ұтқыр және отбасына аз бағдарланған. Бұлардың 
барлығы дәстүрлі отбасылық рөлдердің өзгеруіне ықпал етеді. Ал, бұл өз кезегінде рөлдер 
мен отбасылық міндеттерді тек әйелдерге немесе ерлерге бөлуге болмайтындығын көрсетті
(Галкина Е.П., Кадничанская М.И.). 
«Трансформация» термині латын тілінен аударғанда – өзгеруді, түрлендіру деген 
мағынаны білдіреді. Отбасы әлеуметтануы (фамилистік социология) отбасы институтының 
қазіргі даму процестерін талдау кезінде бірқатар тұжырымдамалық тәсілдерді ұсынады. 
Пікірлер әр түрлі болғанымен ұстанымдар бір-біріне қарама-қайшы екі арнада тоғысады: 
1. Дәстүрлі отбасының қазіргі дәуірдегі транформациялануы тарихтың объективті 
барысына сәйкес қоғамның әлеуметтік-мәдени және экономикалық жаңғыруының 
ықпалымен жүреді. Отбасының трансформациялану процесі объективті факторлардың 
әсерінен орын алатын прогрессивті эволюция ретінде бағаланады. 
2. XX-
ғасырдың соңғы ширегі отбасының әлеуметтік институт ретіндегі 
дағдарысымен атап өтілді. Отбасы дағдарысы оның тұрақтылығы мен дәстүрлі 
функцияларын жоғалтуынан көрінеді. А.И.Антоновтың мектебі қазіргі заманғы 


15 
трансформациялық процестерді «отбасының тарихи күйреуі» деп түсіндіреді. Осы 
көзқарасты жақтаушылар отбасымен болып жатқан қазіргі заманғы өзгерістерді, бүкіл 
адамзат өркениетіне қауіп төндіретін терең құлдырау ретінде қабылдайды.
Отбасының әлеуметтік институт ретінде революциялық өзгерістерге ұшырауы ХХ 
ғасыр бойы орын алып, ол өзгерістер моногамияның патриархалдық формасынан 
эгалитарлық, серіктестік отбасы формасына ауысуында көрініс тапты.
Моногамия отбасының тұрақты формасы болатын. Өмір сүру ұзақтығы оның 
өзгеруіне әкелуі мүмкін емес. Еңбек саласындағы урбанизация, индустрияландыру, 
зияткерлік үлесінің артуының салдарынан отбасының ішкі қарым-қатынасында 
демократияландыру жетекші орынға шықты. 
XX ғасыр бойында патриархалдық отбасылық ұстанымдардан эгалитарлық, 
демократиялық ұстанымдарға дүниежүзілік-тарихи көшу орын алды. Қоғамның дамуындағы 
заңды өзгерістер бір уақытта басым болған патриархалдық ауылдық көп балалы отбасының 
қалалық, баласы аз, бір некелік жұптан тұратын, көбінесе отбасы мүшелерінің тең құқылы 
қатынастары бар отбасына тарихи ауысуына алып келді. Әкенің, қожайын ретінде әйелі мен 
балаларын билеуіне негізделген отбасының қатаң, авторитарлық құрылымы өз кезегінде, 
ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы демократиялық қатынастармен 
алмасты. Отбасы ішіндегі қатынастарды ізгілендіру әйелдер мен балалардың эмансипация 
(баланың әке билігінен босауы) процесімен тікелей байланысты. ХХ ғасырдың аясында әйел 
адамдардың қоғамдық еңбектерге кеңінен тартылып, олардың алдынан қоғамда, еңбек 
нарығында мейілінше мол мүмкіндіктердің ашылуы әйелдер эмансипациясының (күйеудің 
қатаң билік етуінен, үстемдігінен арылуы) жүзеге асуына негіз болды.
Өнеркәсіптік революцияға сәйкес адамзат қол еңбегінен индустриалды еңбекке 
көшуімен байланысты отбасылық қатынастар саласында революциялық өзгерістердің де
тарихи сәті бастау алды. Бұл XVIII ғ. аяғында және XIX ғ. бойында индустрияға дейінгі 
отбасының экономикалық негізі болған отбасылық өндірістің бұзылуына әкеліп соқты.
Аграрлық қоғамда негізгі экономикалық бірлігі отбасылық үй шаруашылығы болып 
табылады, онда отбасының барлық ересек мүшелері белгілі бір еңбек ақысы үшін емес, өзіне 
өзі жұмыс істеді. Индустриялық еңбек отбасынан тыс, жалдамалы сипатқа ие болды, себебі, 
отбасы мүшелері үйдің табалдырығынан тыс жерлерде де жалақы ала бастады. 
Отбасының әлеуметтік институт ретінде трансформациялануына әсер етуші 
факторлардың бірі әйелдерді қоғамдық еңбекке араласуы болып табылады. Отбасылық 
өндірістен отбасылық-тұрмыстық қызмет көрсетуге көшу отбасындағы ерлер мен әйелдердің 
рөлін түбегейлі өзгертті. Әйелдер эмансипациясының әлемдік процесі басталды, ол көп 
жағдайда отбасылық өмір салтындағы барлық трансформациялық ілгерілеулерді айқындады. 
Бұл тұста әйелдердің эмансипациясының тарихи мәнінің ұмытылған лениндік 
сипаттамасын еске түсіруге болады: "...әйел адамды қоғамдық-өндірістік жұмысқа тарту, оны 
"үй құлдығынан" шығару, оны — топас ететін және мәжбүрлейтін — ас үйдің мәңгілік 
ерекше жағдайынан, балаларды бағудан босату– міне басты міндет осы". 
Отбасы тарихында алғаш рет әйел мен ананың рөлі жұмыскер рөлімен біріктірілді. Ер 
адам жалғыз асыраушы болуды тоқтатып, отбасындағы үстемдік пен көшбасшылықты 
жоғалтты. 
Әйелдер білімі мен демократиялық отбасылық заңнама қарқынды дами бастады. 
Отбасының жаңа түрі — ерлі-зайыптылардың мәртебесі бірдей (білімі, мамандық 
беделі, табыс) екі мансапты отбасы пайда болды. 
Әлемдегі жұмыс істейтін әйелдердің саны үнемі өсуде. Өркениетті елдерде еңбек 
әскеріндегі әйелдердің орташа үлесі 50%-дан асады. 
Бұл өзгерістер жұмыс істейтін әйелдердің екі еселенген еңбек жүктемесіне алып 
келді. Отбасылы жұмыс істейтін әйелдің жиынтық еңбек жүктемесі жұмыс істейтін ер 
адаммен салыстырғанда екі есе көп. Мұндай жағдай отбасы мүшелерінің арасында 
балалардың күтіміне және үй шаруашылығын жүргізуге байланысты еңбекті кооперациялау 


16 
қажеттігіне алып келді. Ерлер мен әйелдердің кәсіби және отбасылық рөлдері арасында жаңа 
қайшылықтар пайда болды. 
Барлық өркениетті әлемде отбасының ең көп тараған түрі бір некелік жұптан тұратын 
нуклеарлық отбасы болды. Соңғы онжылдықта отбасының орташа мөлшері күрт қысқарды. 
Жаппай отбасы аз балалы болды (Отбасы трансформациясы). 
ХХІ ғасырдың басында отбасының дамуындағы жаңа тенденциялар байқалуда: 

неке қию және бұзу еркіндігі; 

некеге тұру жасының кешеуілдеуі; 

«азаматтық некелердің» басымдылығы; 

бірінші баланың кеш тууы және балалар санының төмендеуі; 

некесіз туған балалар сананың едәуір өсуі; 

мұсылмандық дәстүрге, діни наным сенімге негізделген некелер санының артуы;

некеде әйелдер мен ерлердің тең құқықтығына ұмтылыстың орын алуы; 

баласыз отбасылардың көбеюі; 

жас отбасылардың әке-шешесінен, басқадай өздерінен үлкен аға буыннан бөлек тұруға, 
олардың қамқорлығынан тыс өмір сүруге ұмтылуы; 

біржынысты одақтарға төзу/төзбеу туралы көпшілік алдындағы, қоғам алдындағы ашық 
пікірталастың пайда болуы; 

проблемалы отбасылардың кейбір нұсқалары туралы көпшілік пікірталастың пайда болуы 
(үйдегі зорлық-зомбылық, әлеуметтік жетімдік, суицидтік мінез-құлық т.б.)); 

есі ауысқан балалары бар отбасыларға қатысты психофобия мен стигматизация дәстүрі 
бұрынғысынша күшінде болуы; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет