Байланысты: Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз
ПБЗ-ны, есірткіні пайдалану (2003 жылғы зерттеуге сәйкес, ата-анасының
ажырасуын бастан өткерген балалар 14 жасқа дейін есірткіні 1,5 есе жиі пайдаланады);
-
некесіз бірге тұру және некеден тыс балалардың тууы (2004 жылғы зерттеу ата-
анасының ажырасуын бастан кешірген жас әйелдер, некеде тұрған ата-анасымен отбасында
өскен әйелдермен салыстырғанда, 2 есе жиі некеге дейін өмір сүретінін, сондай-ақ некеден
тыс балаларды жиі туатынын дәлелдейді);
-
балалардың экономикалық табыстары (қайтыс болу себебі бойынша ата-
анасының бірін жоғалтқан балалармен салыстырғанда, ата-аналарының ажырасуын бастан
өткерген балаларда көбінесе табыс деңгейі төмен, және олар ересек өмірде өз жағдайы мен
мәртебесіне аз дәрежеде қанағаттанады).
-
депрессиялар (800 отбасы қатысқан 2001 жылғы зерттеу, некеде тұрған және
балалар тәрбиелеп отырған әйелдермен салыстырғанда, балалары бар ажырасқан аналар
депрессияның жоғары көрсеткіштерін атап өткенін, өз өмірімен қанағаттанбағанын
анықтады);
-
суицидтер (2000 жылғы зерттеу, ажырасқан ер адамдар мен әйелдер үйленген ер
адамдар мен әйелдермен салыстырғанда 2 еседен артық суицидке ұшырағанын анықтады,
бұл ретте ажырасқан ер адамдар үйленген ер адамдармен салыстырғанда өзіне-өзі қол
жұмсау себебінен 2,5 есе жиі қайтыс болады);
-