Байланысты: Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз
Бас миының құрылысы Мидың қалыптасуы қатаң белгілі бір тәртіпте жүреді. Бастапқы кезеңде өзгерістер ми
діңіне, соңғы кезеңде – ми қыртысына әсер етеді.
Бас сүйектің түбінде орналасқан артқы ми көптеген өмірлік маңызды көрсеткіштерге,
оның ішінде терінің температурасы мен артериялық қысымға жауап береді. Оның жоғарғы
бөлігінде ұйқы, тәбет және қозғалыс қызметін бақылайтын сопақша ми орналасады. Тепе-
теңдікті ұстап тұру және қимылдарды үйлестіру ми діңінде жасырынған мишықтың
басқаруында болады. Есте сақтау, бейімделу және эмоциялар мидың орталық бөлігі деп
аталатын лимбакалық жүйеге бекітілген.
Қалыңдығы 1,5-4,5 мм шегінде ауытқитын жоғарғы қабат бас миының қабығы деп
аталады. Оның арқасында шешімдер қабылдау процесін реттеу іске асырылады. Ол
орындайтын функциялардың қатарында сөйлеу және ойлау сияқты адам үшін маңызды
процестерді бақылау функциясы да бар. Ми қыртысы ми нейрондарының 80% қамтиды.
Бала дүниеге келген кезде мидың осы бөлігінің даму деңгейі әрі қарай жетілуді қажет етеді.
Оның жетілуі көбінесе жасөспірім шақ аяқталғанға дейін жалғасады. Тап осы ми қабығы
баланың сезімталдық деңгейін көрсетеді.