Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Мидың қалыптасу кезеңдері



Pdf көрінісі
бет34/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Мидың қалыптасу кезеңдері 
Мидың даму кезеңі бірнеше сатыға бөлінуі мүмкін: 

құрсақта даму кезеңі; 

сәбилік кезеңі, 

балалық шақ; 

жасөспірімдік кезең. 
Осы уақыт аралықтарының әрқайсысы бірегей. Бір кезеңнен келесі кезеңге өтудің 
өзіндік шарттары бар. Ол шарттардың орындалмауы маңызды проблемаларға айналуы 
мүмкін. 
Нәрестелік сатыны 2 кезеңге бөлінеді. 1-8 аптаны қамтитын бірінші (сыни) кезең аса 
маңызды деп саналады. Бұл күндер аралығында көру функциясы қалыптасады. Көру 
функцияларының бұзылуы жүйке жасушаларының әлсіз дамуына әсер етуі ықтимал. 
Мұндай дерт созылмалы сипатта болуы мүмкін. 
Едәуір ұзағырақ сензитивті кезең нәрестенің алты айлығынан басталады және шамамен 
24 айға дейін созылады. Бұл кезеңде нәрестеге адамдарды тану, таныстарға деген мейірім 
таныту және бейтаныс адамдардан сақтану тән. Дәл осы кезеңде сәбидің оны қорғап, жүрек 
жылуы мен махаббатқа бөлейтін анасына деген бауырмалдығы қалыптасады. 
Ми қалыптасу кезеңдерінің толқын сызық құрылымы бар. Сызықтың сипаты мидың 
сыртқы әсерлерге жауап беру деңгейін көрсетеді. Бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, 
мидың даму мүмкіндіктері де соншалықты көп.
Баланың оқуға дайын кезеңін «мүмкіндіктер терезесі» деп атайды. Бұл кезеңде 
ақпаратты қабылдау және өңдеу процесі қарқынды жүреді. Әр түрлі қызмет саласындағы 
дағдыларды адам өмір бойы шыңдайды. Мидың үйрену, оқып ұғыну процестері тұрақ 
жүреді. 
Ми дамуының қарқынды кезеңі балалық шақ пен жасөспірім кезеңін қамтиды және 
өмірінің алғашқы үш жылына сәйкес келеді. Балалардың күнделікті қарым-қатынас 
жасайтын ана тілі грамматикасын тез әрі тиімді меңгерудің себебі дәл осы жағдаймен 
түсіндіріледі. Алайда өсе келе оқу материалын меңгеру қарқыны баяулап үлгерімі 
төмендеуі де мүмкін. Білім алу үшін ең қолайлы кезеңдерге сәйкес жасы толып мектепке 
барған балаларға кейін ұжымға қосылу және болашақ өмірде өз орнын табу жеңілдеу 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет