4. Курстың академиялық саясаты: - оқытушы өзінің іс-әрекетін жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асырады;
- қарым-қатынас стилі – демократиялық, оқытушы білім алушылардың дара ерекшеліктерін ескереді;
- оқытушының білім алушыға талабы кәсіби этикаға негізделіп позитивті сипатта болуы тиіс;
- оқытушы және білім алушылары әрбір аудиториялық сабаққа күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес алдын ала дайындалады;
Академиялық тәртіп ережелері: Сабаққа міндетті түрде қатысу, кешігуге жол бермеу. Сабаққа кешігу және сабақтан себепсізқалу 0 баллмен бағаланады.
Тапсырмаларды (МӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.