Білім беру бағдарламасы тобы Химия Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі аға оқытушы Қожагұлова Ж. Р


«САНДЫҚ ХИМИЯЛЫҚ АНАЛИЗ» ПӘНІ БОЙЫНША ЕМТИХАН ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ



бет3/8
Дата26.01.2022
өлшемі153,5 Kb.
#129925
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СИЛЛАБУС Сандық анализ әдістері. Соңғы

«САНДЫҚ ХИМИЯЛЫҚ АНАЛИЗ» ПӘНІ БОЙЫНША ЕМТИХАН ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ шкаласы

Балдар: 1 сұрақ-30, 2 сұрақ – 30, 3 сұрақ - 40

Білім алушы:

A

- сұрақтарға стилистикалық сауатты әрі логикалық тұрғыда дұрыс жауап берілген;

- теориялық білім нақты мысалдармен келтірілген;

- ғылыми терминология дәлме-дәл қолданылған;

- тапсырманы орындауда шығармашылық тәсіл қолданылған және тәжірибелік тапсырма толық орындалған.



A-

- ғылыми терминологияны қолдануда жеке қателіктер немесе дәлсіздіктер жіберілген, дегенмен ол, оқу материалын білмеу және түсінбеудің салдары болып саналмайды;

B+

- тапсырманы орындауда шығармашылық тәсіл қолданылған, дегенмен, тәжірибелік тапсырма толық орындалмаған;

B

- баяндауда жауаптың логикалық және ақпараттық мазмұнын бұрмаламайтын бірнеше қателіктер жіберілген;

- жауаптың негізгі мазмұнын баяндауда бір-екі кемшіліктер жіберілген.



B-

- ғылыми терминологияны қолдануда қателік немесе екіден астам кемшіліктер жіберілген;

- тәжірибелік тапсырма толық көлемде орындалмаған.



C+

- білім алушы сұрақты жалпы түсінген және жеткілікті білімі бар, дегенмен, материалдың мазмұны толық немесе жүйелі түрде ашылмаған, түсініктерді анықтауда, терминді қолдануда қателіктер жіберілген;

- тәжірибелік тапсырма толық көлем орындалмаған.



C

- білім алушы теориялық білімді жаңа жағдаятта және/немесе тәжірибелік тапсырманы орындауда қолдана алмаған.

C-

- теориялық материалды игеруде негізгі білік пен дағдылардың жеткіліксіз қалыптасқандығы байқалады.

D+

- оқу материалының негізгі мазмұны ашылмаған;

- оқу материалын білмеуі немесе оның маңызды бөлігін түсінбегендігі анықталған.



D

- ұғымдарға анықтама беруде және терминдерді пайдалануда қателіктер жіберілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет