Пәннің негізгі міндеті – білім алушыда ББ бағдарламасы бойынша пәндік құзыреттіліктерімен қатар келесі арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
- практика жүзінде эксперименттер жасап, зертханалық жұмысқа икемділік пен дағдысын қалыптастырады;
- ақпаратты іздеудің, жинаудың, өңдеудің, талдаудың, берудің және түсіндірудің әртүрлі әдістерін қолдануды біледі;
- ғылыми ақпараттарды логикалық және дәйекті түрде түсініп, жеткізе біледі (ауызша жауап, визуализацияны қолдану арқылы есеп бере алады (презентация, модельдер, диаграммалар));
- қойылған міндеттерге қол жеткізудің балама тәсілдерін көре біледі, оларға жетудің тиімді әдістерін таңдай алады;
- нақты аналитикалық мақсаттарды шешу үшін жаратылыстану пәндерінің заңдылықтарын ескере отырып тиімді шешім қабылдай алады;
- топта тиімді жұмыс істеуді біледі, практикалық жұмысты орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |