Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Қоркыт Ата атындағы Қызылорда университеті Жаратылыстану институты «Биология, география және химия» кафедрасы
«Бекітемін» Жаратылыстану институтының директоры
____________ С.О.Қосанов
Силлабус «Биология, география және химия» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № __ «____»___________ 2022 ж.
Кафедра меңгерушісі: Г.Б. Тоқтағанова
Пәннің мақсаты мен міндеттері Мақсаты: Фотосинтездің және өсімдіктің тыныс алуының физико-химиялық сипатын салыстыру және талдау
Міндеттері:
фотосинтез бен тыныс алу құбылыстарының, өсімдіктердің өсіп-дамуының, су мен минералды заттарды бойына сіңіріп пайдалануының, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігінің физиологиялық незгіздері мен ішкі механизмдерін зерттеп білу;
табиғи және жасанды жағдайларда физиологиялық ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістемелерін жеткілікті деңгейде меңгеру
Пәннің мазмұны Өсімдіктер физиологиясы өсімдік жасушасының физиологиясына үйретеді, өсімдіктердегі физиологиялық процестердің қазіргі ғылыми жетістіктерін және қоршаған ортамен байланысын қарастырады, қоршаған орта тұрғысынан биологиялық жүйелердің әртүрлі деңгейлерін, соның ішінде молекулалық және физиологиялық-биохимиялық процестерді қарастырады