Білім беру бағдарламасы В05301 Физика кредит саны Қостанай, 2023 Оқу жұмыс бағдарламасын құрастырушы Оразалинова Д. К., аға оқытушы



бет2/5
Дата24.10.2023
өлшемі112,42 Kb.
#188212
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЭЛЕКТРОД 23-24 Рабочая программа (силлабус) каз
Зари реферат-1, Нәжіс анализдері, pm.03.-mdk.03.01.-tema-3-tekhnicheskaya-ekspluatatsiya-i-obsluzhivanie-volokonno opticheskikh-sistem-peredach-
Пәннің мақсаты мен міндеттері.
Пәннің мақсаты: электродинамиканың замануи физикалық негізін түсіндіру; білім алушылардың болашақтағы кәсіби қызметінде электродинамиканың негізгі принциптері мен әдістерін қолдана білуді үйрену.
Пәннің міндеттері: электродинамиканың іргесін қалайтын заңдарды және негізгі ұғымдарды, оның басты тәсілдерін меңгере отырып, бұл пәннің негізгі есептері мен оларды шешу жолдарын жақсы түсіну қажет. Электродинамиканың негізгі тәсілдерінің математикалық аппаратын игеріп алуы тиіс, нақты электромагниттік жүйелер үшін есептеу жолдарын меңгеру.
Оқыту нәтижелері:
Курсты сәтті аяқтағаннан кейін студенттер:

  1. теориялық білімдерді нақты физикалық тапсырмалар мен жағдайларды шешу үшін қолдана білу,

  2. физикалық эксперимент нәтижелерін талдауды

  3. компьютер пайдалану арқылы физикалық жағдайларды модельдеуді

-физикалық эксперимент жүргізу,
4) өлшеуіш аспаптармен жұмыс істеу және өлшеу нәтижелерін есептеу мен ңдеу дағдыларын қалыптастыру
Оқыту әдістері мен технологиялары:
Оқыту әдістері: дәріс-әңгіме, дәріс-пікірталас, модерация, мультимедиялық технологияларды қолдану. Қазіргі заманғы технологиялар Интернет, электрондық оқулықтар мен анықтамалықтарды пайдалана отырып, қашықтықтан оқытуды көздейтін "интерактивті оқытуды" кеңінен пайдаланады.
2 Пәннің мазмұны
Модуль 1 Электродинамика және АСТ
1.1 Кіріспе. Электродинамиканың дамуының негізгі кезеңдері.
Бұл пәннің теориялық физика курсындағы орны мен оның экспериментте және техникада қолданылуы. Әлемді танудағы электродинамиканың ролі, электромагниттік өрістің материялық болмысы. Дербес салыстырмалық теориясы қозғалыс салыстырмалылығының тұжырымдамасы, кеңістік пен уақыттын жаңа түсінігі, теориялық физиканы ары қарай дамыту құралы ретінде.
1.2 Арнайы салыстырмалылық теориясы негіздері.
Бірмезгіліктің салыстырмалылығы. Лоренц түрлендірулері. Реллятивистік кинематика. Салыстырмалық теориясы принциптері. Лоренц түрлендірулерін төртөлшемді түрде жазу Минковксий кеңістігі. Псевдоэвклид кеңістігі. Меншікті уақыт. Меншікті ұзындық пен Лоренцтік қысқары. Жылдамдықтарды қосу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет