11-13.3. Топырақтың жылу қасиеттері мен жылу режимі
Өсімдіктер атмосфералық жылуды ғана емес, топырақ жылуын да қажет етеді. Топырақтың жылу режимі мәдени өсімдіктер дамуында маңызды рөл атқарады. Қоректік заттар мен су мөлшері қуаңшылықты көп болса да, топырақ температурасы көтерілмей, ауылшаруашылық дақылдарының қалыпты өсуі мен дамуы, жоғары өнімділік қамтамасыз етілмейді. Топырақ температурасы төмен болғанда өсімдік өсуі тоқталады. Топырақ температурасы микроорганизмдер тіршілігіне де үлкен ықпал етеді.
Топырақтағы басты жылу көзі Күн сәулесінің энергиясы болып табылады, сонымен қатар топыраққа, аздаған мөлшерде, жер қойнауынан да жылу келеді. Ашық жерлерде күн сәулесінің энергиясы топырақты тікелей жылыта алады. Қалың ормандарда күн сәулелері топырақ бетіне жетпейді, бұл жағдайда жылу топыраққа жылыған ауа мен атмосфералық жауын-шашын арқылы беріледі.
Шығу тегі мен құрамы әртүрлі топырақтар жылу қасиетері бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Жылу режимін айқындайтын жылу қасиеттеріне топырақтың жылу сіңіруі немесе сәуле сіңіруі, жылу беруі, жылу сыйымдылығы және жылу өткізгіштігі жатады.
Топырақтарды жылы және салқын топырақтар деп бөледі.
Топырақтың жылу сіңіруі – оның топырақта жылу энергиясына айналатын Күн сәулелерін қабылдау қабілеті. Топырақтың жылуды сіңіруі топырақтың түсіне де байланысты: түсі күңгірт топырақтар ашық түсті топырақтарға қарағанда жылуды жақсы сіңіреді. Топырақта қарашірік неғұрлым көбейген сайын, оның түсі де соғұрлым күңгірттене түседі, сондықтан топырақтың Күн энергиясын қабылдау қабілеті де артады. Мысалы, ашық топырақтарға органикалық тыңайтқыштарды енгізгенде олардың температурасы олардың темпераурас артады.
Топырақтың Күн энергиясын сіңіруіне беткей экспозициясы мен ондағы өсімдіктер жамылғысы да әсерін тигізеді. Күнгей беткейлердің топырағы күн энергиясын теріскей беткейлер топырағына қарағанда көп сіңіреді. Өсімдік жамылғысы жылу сіңірілуін кемітеді. Жаздың ыстық күндерінде орман топырақтары ашық жерлердің топырақтарына қарағанда аз жылынатыны барлығымызға белгілі. Топырақтың ылғалдылығы мен жұмсақтығы жоғарылаған сайын энергия қабылдауы да өседі.
Топырақ жылуы деп топырақтың атмосфераға жылу беруін айтады. Жылу беруіне топырақтың ылғалдылығы, структурасы, қарашірік мөлшері, тірі және өлі жамылғысы, ал қыста қар жамылғысы әсер етеді. Судың жылу беруі жоғары, топырақтың минералдық бөлшектерінің жылу беруі баяу. Жылуды барлығынан баяу беретіні қарашірік. Құрамында ылғалы көп топырақтар жағдайы бірдей,бірақ құрғақ топырақтарға қарағанда жылуды жылдам береді.
Қарашірік жылуды көп сіңіреді және жақсы ұстайды, яғни қарашірігі көп топырақтар жылуды жақсы ұстайды.
Тірі және өлі жамылғы жылу шығынын азайтады, ал қыста оны қар жамылғысы азайтады. Жаңадан жауған, құрамында көп ауасы бар қар жылуды нашар өткізеді, яғни топырақтан жылу берілуін азайтады. Сондықтан қар астындағы топырақ температурасы қарсыз жермен салыстырғанда жоғары болады. Қар күздік егінді үсуден сақтайды. Ашық далаға қарағанда орманда, қардың қалың болуына баланысты, топырақ тоңы қатты тереңдемейді.
Топырақтың жылу сыйымдылығеы деп топырақ бірлігін (1см3) 1ºС –қа жылытуға кететін жылу мөлшерін (калорияда) айтады. Судың жоғарғы жылу сыйымдылығы – 1,0кал/г, шымтезектігі – 0,477, саздақтігі – 0,233 кал/г, жылу сыйымдылығы – 0,1кал/г болады. Жылу сыйымдылығы топырақтың құқрамдас бөліктеріне, ондағы органикалық заттар, су және минерал бөлшектерге тәуелді.
Топырақта су көп болған сайын, оны жылытуға кететін жылу мөлшері де көп болуы керек. Құнарлы органикалық заттарға бай құрғақ топырақтар, жылу сыйымдылығы төмен болғанына байланысты, тез жылынады. Құмдауыт топырақтар саздақ топырақтарға қарағанда жылы, сол себепті ондағы қар көктемде 2-3 апта бұрын ериді.
Достарыңызбен бөлісу: |