Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»


-13.1. Су режимінің шайылмайтын типі



бет15/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2
Клиент маселесимен ӘЖ. СР-31, khir bolezni iga s, 2 5228920780762386228, 2 5228920780762386228, фарма сессия, luchevaja-diagnostika, 487828, 201212211351052, всевместе-1, Окончательные пробные 239, невро с портала, вб хб, Voprosy-vstupitelnogo-ekzamena-po-spetsialnosti-7R01190-Nefrologiya-vzroslaya-detskaya-1, Лекарственные препараты в стоматологии
11-13.1. Су режимінің шайылмайтын типі

Грунт – топырақ қабаты ешқашан жер асты суларына дейін шайылмайды. Ылғалданған қабаттың төменгі шекарасы мен жер асты суларының жиегі арасында ылғалдылығы құрғау ылғалдылығына сай келетіндей қабат жатады. Жер асты сулары тереңде орналдасқан (12-15м-ден бірнеше ондаған м-ге жетеді). Бұл тип ылғал булануы жауын-шашыннан басым болатын қара топыраққа, күрең, құба және сұр топырақтарға тән.


Су режимінің булану типі. Осы су режимінде топырақ пен өсімдіктердің ылғалды буландыруы жауатын жауын-шашын мөлшерінен көп болады. Жетпейтін айырмасы жер астысуларымен толықтырылады. Бұндай су режимі тұзды топырақтарда байқалады.
Тоңды су режимі типі. Ол «мәңгі тоң» облыстарына тән. Астыңғы бөлігі еріген топырақ пен тоң арасында «тоңүсті сулары» пайда болады, мұнда сутірек міндетін тоңды грунт атқарады. Әсіресе жауын-шашын кезіндегі су еріген топырақ қабатын әбден қанықтырады. Жалпы, жаз аяғына қарай «тоңүсті сулары» жойылады.
11-13.2. Орман ағаштарының аумақтың су режиміне әсері

Орманның және екпе ағаштарының аумақтың су режиміне әсері алуан түрлі, ол әсерлердің көбісі топырақ арқылы жүреді.


Шалғындар мен далаларға қарағанда орман ылғалды әлдеқайда көп буландырады және орман ағаштары астындағы ылғалдың топырақ бетінен шығындалуы өте төмен, ал жауын-шашынның, нөсердің, еріген қар суының сіңірілуі жоғары болады. Қыста, орманда, ашық даламен салыстырғанда қар көп жиналады. Ормандағы ылғао сіңірілуі басқа жерлермен салыстырғанда қар көп жиналады. Ормандағы ылғал сіңірілуі басқа жерлермен салыстырғанда жоғары. Сондықтан қар ерігенде де, жаңбыр кезінде де ылғал топыраққа түгелдей сіңеді, яғни ормандарда су шығыны аз болады, ауа ылғалданады және су балансы өзгереді. Жалпы, орман топырақтағы ылғал айналымын ұлғайтады, ол дала және орманды дала зоналарында жақсы байқалады.
Топырақтың су режимінің реттелуі. Су режимінің жақсаруы үшін және ылғал қорын көбейту үшін, егіншілікпен айналысатын аудандарда кешенді агротехникалық шаралар жүргізіледі: терең жырту, топырақ қопсыту және топырақ қабыршақтарын жою, беткейлерді контурлы жырту, қорғаныштық орман жолақтарын құру, қар тоқтату, қар еріуін реттеу, еріген қар суын тоқтату, тоыпрақтың берік структурасын қалыптастыру, органикалық тыңайтқыштар енгізу т.б. солтүстік облыстар мен аудандарда ылғалдылығы жоғары топырақтарды құрғатады, ал оңтүстіктегі қуаңшылық аудандарында керісінше, су қорларын тиімді пайдалана отырып жасанды суару жұмыстары жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет