Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»



бет11/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2
Клиент маселесимен ӘЖ. СР-31, khir bolezni iga s, 2 5228920780762386228, 2 5228920780762386228, фарма сессия, luchevaja-diagnostika, 487828, 201212211351052, всевместе-1, Окончательные пробные 239, невро с портала, вб хб, Voprosy-vstupitelnogo-ekzamena-po-spetsialnosti-7R01190-Nefrologiya-vzroslaya-detskaya-1, Лекарственные препараты в стоматологии
Топырақтың сығылуы дегеніміз, оның кебуі кезінде көлемінің кішіреюі. Ылғалданған кезде қатты ісінетін топырақтар, кепкенде көлемі біршама кішірейеді. Сығылу мөлшері топырақтың ылғалдану дәрежесіне, құрамындағы коллоидтық бөлшектерге, ауысу катиондарының құрамына тәуелді. Сығылу көбінесе структурасыз, натрий катиондарымен қаныққан балшықты және саздақ топырақтарда кездеседі. Құмдауыт топырақтардың сығылу қасиеті болмайды.
Сығылу – қажетсіз құбылыс, себебі оған байланысты жарықшақтар пайда болып, топырақтағы ылғал буланып кетеді. Топырақ жарылғанда өсімдіктердің тамырлары үзіліп кетуі де мүмкін.
9-10.3. Топырақтың су режимі және суға қатысты қасиеттері

Топырақта су өте маңызды роль атқарады. Ол физикалық және химиялық бұзылуға, микробиологиялық үрдістерге қатысады, өсімдіктердің қоректік заттарының еріткіші болып табылады және дәндердің өнуі алдындағы ісінуіне қажет. Су өсімдіктердің өздерінің құрамына да кіреді. Өсімдіктердің 40-70-ті, ал жасуша протоплазмасының 53-60-ті судан тұрады. 1 кг құрғақ зат (ағаш сүрегі, діңі, сабан,т.б.) жасап шығару үшін өсімдік 300-ден 1000 литрге дейін, кейде одан да көп су шығындайды. Судың жоқтығы немесе аздығы да өсімдіктердегі қоректік элементтердің жетіспеушілігі кезіндегідей зиянды әсерін тигізеді.


Топыраққа түсетін судың ең маңызды көзі атмосфералық жауын-шашын. Олардың мөлшері мен жер бетінде таралуы климатқа, жер бедеріне, әр жылдың метеорологиялық жағдайларына тәуелді. Топыраққа атмосферадан жауын-шашын ретінде келген ылғал топыраққа толық түспейді. Бір бөлігін өсімдіктер сіңіреді, екінші бөлігі жылға, өзен, көл, теңіздерге ағып кетеді. Ылғалдың екінші көзі атмосферадағы бу күйіндегі ылғалдың топырақ беті мен жоғарғы қабаттарында конденсациялануы. Дегенмен, бұл құбылыстың сандық мәні көбінесе төмен.
Топырақ ылғалдылығы (Ы) екі көрсеткішпен сипаттайды – абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылық.
Абсолюттік ылғалдылық (Ыабс.) – топырақ салмағымен салыстырғандағы алынған топырақтағы барлық ылғалдың мөлшері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет