Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»


-10.1. Топырақтың жалпы физикалық қасиеттері



бет8/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2
Клиент маселесимен ӘЖ. СР-31, khir bolezni iga s, 2 5228920780762386228, 2 5228920780762386228, фарма сессия, luchevaja-diagnostika, 487828, 201212211351052, всевместе-1, Окончательные пробные 239, невро с портала, вб хб, Voprosy-vstupitelnogo-ekzamena-po-spetsialnosti-7R01190-Nefrologiya-vzroslaya-detskaya-1, Лекарственные препараты в стоматологии
9-10.1. Топырақтың жалпы физикалық қасиеттері

Топырақтың жалпы физикалық қасиеттеріне көлемдік салмақ, меншікті салмақ, кеуектілік немесе саңылаулылық жатады.


Топырақтың көлемдік салмағы (КС) деп сұлбасын бұзбай алған 1 см3 абсолютті құрғақ топырақтың грамм түріндегі салмағын айтады. Көлемдік салмақ топырақтың структурасына және ондағы қарашірік құрамына тәуелді. Топырақ құрамында қарашірік көп болса, көлемдік салмақ аз болады; топырақ структурасы айқын болған сайын, оның қопсуы мен көлемдік салмағы да аө болады.
Топырақтың көлемдік салмағы қарашірікті горизонттарда өте аз болады – әдетте 1,0-1,2 г/см3, орман төсенішінде және шымтезекте 0,2-0,4 г/см3 дейін түседі, төменгі минералдық горизонттарда 1,4-1,7 г/см3 дейін өседі. Едәуір көлемдік салмақ батпақтанған топырақтың глейлі горизонттарында – 1,7-1,9 кейде 2 г/см3 -ке дейін байқалады.
Топырақтың меншікті салмағы (МС) деп, топырақтың қатты бөлшектері салмағының 40С температураға осындай көлемдегі су салмағына қатынасы айтылады. Меншікті салмақ топырақ құрамындағы қарашірікке және минералдық бөлшектердің сапалық құрамдарына тәуелді. Ендеше қарашіріктің меншікті салмағы 1,4-1,8-ге тең, ал топырақты құрайтын минералдық бөлшектердің салмағы 2,2-ден 3,7-ге дейін барады.
Ірі түйіршікті шымды құмдауыт топырақтың көлемдік салмағы 1,8-ге, ал меншікті салмағы 2,65 тең; кәдімгі қаратопырақта 10% қарашірінді болады, соған сәйкес 1,04 және 2,37. Көптеген топырақтардың орташа алғандағы меншікті салмағы 2,5-2,7-ге тең, ал көп қарашірікті жоғарғы горизонттарда – 2,4-2,6.
Көлемдік және меншікті салмақтардың үлкен мәні бар; олардың көмегімен т опырақтардың кеуектілігі, кеуектердегі ауаны, су қорын және қоректік заттар қорын анықтайды.
Кеуектілік немесе саңылаулылық (Н) деп топырақтардағы кеуектердің жалпы көлемі және белгілі көлемдегі берік топырақ бөлшектері мен түйіршіктер структурасындағы бос аралықтарды атайды. Кеуектілік табиғи құрылымын бұзбай алынғаннан топырақтың жалпы көлемінің пайызбен өрнектелген мәні.
Кеуектілікке топырақтың структурасы үлкен әсер етеді. Себебі топырақ структурасындағы структуралық түйіршіктердің өзінде және олардың арасында да кеуектер бар. Көптеген зерттеушілер анықтағанындай, кеуектілік структуралық топырақтарда структурасыздарға қарағанда 1,5 есе жоғары. Топырақтардың өте жоғары кеуектілігі жоғарғы (қарашірікті) горизонттарда 55-70 % тең, ал шымтезектер мен орман төсеніштерінде – тіпті 90%. Тереңдеген сайын кеуектілік кемиді. Жоғарғы горизонттардың кеуектілігі қарашірік құрамымен, структура болуымен, өсімдік тамырлары мен қазғыш жәндіктердің әсер етуімен айқындалады.
Кеуектілікке топырақтың механикалық құрамы да әсер етеді. Кеуектілік балшықта 50-55 %-ға тең, саздақта 50-40 %, құмда – 30-35 %. Топырақтардың глейлі горизонттарында кеуектілік өте төмен – 25-30 %. Топырақтың жалпы кеуектілігі топырақтың меншікті және көлемдік салмақтарының мәндері бойынша (топырақтың жалпы көлемімен пайыздық мөлшері) анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет