Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»



бет4/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2
Клиент маселесимен ӘЖ. СР-31, khir bolezni iga s, 2 5228920780762386228, 2 5228920780762386228, фарма сессия
Бақылау сұрақтар:
1.Топырақтың органикалық заттарынның көздері
2.Орман төсеніші,оның құрылымы мен қасиеттрі
3.Топыраққа түсетін органикалық заттардың ыдырауы

3-4. Дәріс


Тақырыбы: Топырақтың органикалық заттары ыдырауының аэробты және анаэробты үдерістері
Мақсаты:
Органикалық заттар топырақ бетіне,не тереңге түскеннен кейін үлкен өзгерістерге ұшырайды.


Негізгі сұрақтар:
3-4.1 Атмосфера азотының фиксациялануы. Фосфор айналымы. Күкірт айналымы.
3-4.2 Қарашірінді немесе қарашірік қышқылдары және олардың қасиеттері.
3-4.3 Органикалық заттардың топырақтың құнарлылығына әсері

Олардың өз ферменттерінің бір бөлігі, ылғалдыдық және физикалық жағдайлардың әсерінен суға, көмірқышқылына және минералдық тұздарға ыдырайды,басқалары топырақ жамылғыларымен микроағзалар денесін құруға кетеді,үшіншілері жаңа күрделі органикалық қосылыстар, қарашірік қышқылдары мен олардың тұздарын түзеді.


Органикалық заттардың ыдырауына байланысты,реакциялардың көп бөлігі микроағзалар бөліп шығаратын ферменттердің әсерінен жүреді. Органикалық заттардың ыдырауй мен минералдануы кезіндегі топырақтағы химиялық рекациялардың жылдамдығы мен бағытына ферменттер өте үлкен әсерін тигізеді. Топырақтың органикалық заттарын ыдырататын ферменттердің бір бөлігі өлі өсімдік клеткалкрында болады және олардың әсерінен ыдыраудың бірінші кезеңі өтеді.Ферменттердің көмегімен өте күрделі органикалық қосылыстар жай қосылыстарға ыдырайды, ал органикалық заттардың алғашқы клеикалық қүрылысы біртіңдеп жойылып,қарашіріндіге айналады.
Ферменттер екі үлкен топқа бөлінеді:гидролазалар-күрделі органикалық қосылыстарды тірі клеткалкр пйдаланатын жай қосылыстарға дейін ыдыратушылар және десмолазалар-тыныс алу және ашытқы ферменттері. Органикалық заттардың ашуы баяу жүреді.Оргпникалық заттардың ыдырау жылдамдығы микроағзалардың саны мен топтарына тәуелді. Топырақтарды микроағзалардың сандары өте көп: қаратопырақтарды-3,7-7 т/га, сұр топырақтарда-2,5т/га дейін. Топырақ қабаттарында микроағзалардың орналасуы біркелкі емес, Негізінде, микроағзалардың көп бөлігі топырақтың беткі қабатында, тамырлар тұстарында, яғни ризосферада шоғырланған.
Ормандарда жерге түскен өсімдік бөліктері бір жыл ішінде шіріп үлгермейді де, топырақтың бетіне жапырақ, бұта, қылқан, ағаш қабығы мен басқа да қалдықтар түрінде жинала береді. Орман төсеніші көбінесе ағаштардың бұтақтары түйісіп кеткен жерлерде жиналады. Орман төсенішінің қалыңдығы әр түрлі-0,5-тен 15 см дейін,қылқанжапырақта ормандарда көбірек, жалпақ жапырақты ормандарда азырақ болады. Орман төсенішінің топырақ бетіндегі қоры өсімдіктердің құрамына, жасына және орналасу қалыңдығына қарай 10-100 т/га аралығында болады.
Орман төсеніштерінің ыдырау дәрежесі бойынша үш қабатқа бөлуге болады.Жоғарғы қабат А0-жаңадан түскен жапырақтар, қылқандар және бұтақтар. Орта қабат А0II-заттары баяу ыдырайтын және ферменттелетін қабат, қоңыр-сұр түсті, біраз қанқаланған жәнет ұсақталған өсімдіктер қалдықтарынан тұрады. олардың қай өсімдіктің қалдығына жататынын тек ірі бөлшектері арқылы ғана анықтауға болады.Бұл қабатта саңырауқұлақтар жиі орналасқан. Төменгі қабат А0III-қара,қара-қоңыр түсті, біркелкі орналасқан, структурасы құрылған, жақсы ыдыраған біртекті органикалық заттардан тұрады.
Төсеніштерді үш типке бөледі: мулльді-жоғарғы жағында аздап түсінді қабаты бар, жақсы ыдыраған қабат:модермулльді-орман төсенішінің барлық үш қабаты да ба ірі қарашірікті, «мор»-көбнесе алғашқы екі қабаттан тұрады. Мулльді төсеніштер аралас дәрежеде ылғалданған жерлерде пайда болады. Орман төсеніштері топырақтың беткі қабатын жұмсақ күйде сақтай отырып,топыраққа ылғалдың терең,еркін енуін және топырақтың жоғарғы қабатының қопсыған күйде болуын қамтамасыз етіп, буланып кетуіне кедергі жасайды. Орман төсеніштерінде өсімдіктердің тіршілігіне біршеше жыл қорек болатын қоектік элементтердің едәуір мөлшері жинақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет