Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»


-8.3. Топырақ коллоидтарының маңызы



бет7/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2
Клиент маселесимен ӘЖ. СР-31, khir bolezni iga s, 2 5228920780762386228, 2 5228920780762386228, фарма сессия, luchevaja-diagnostika, 487828, 201212211351052, всевместе-1, Окончательные пробные 239, невро с портала, вб хб, Voprosy-vstupitelnogo-ekzamena-po-spetsialnosti-7R01190-Nefrologiya-vzroslaya-detskaya-1, Лекарственные препараты в стоматологии
6-8.3. Топырақ коллоидтарының маңызы

Топырақ коллойдтары өте үлкен меншікті беттер мен энергияға ие болуына байланысты, топырақтардағы жүретін барлық үрдістерге белсенді қатысады. Топырақ коллоидтарының әр алуан құрамы, топырақтағы ылғалдың әсерінен олардың коллоидты ерітінділері- зольдардың жылжуға қабілеттілігі және гель түрінде бекуі, коллоидтарының құрамы мен қасиеттері арқылы ерекшелінетін топырақ қабаттарының – горизонттардың пайда болуына, органикалық және органикалық – минералдық заттардың аналық жыныстың тереңдеп енуіне алып келеді.


Топырақ коллоидтарын қанықтыратын катиондарға және олардың желімдегіш қабілетіне байланысты мөлшерлері және суға беріктігі жағынан әртүрлі, топырақтың сулық-физикалық қасиеттерін сипаттайтын топырақ түйіртпектері құрылады. Коллоидтар диссоциацияға қабілеттілігі және осыған байланысты химиялық белсенділігі арқылы топырақтағы барлық физикалық – химиялық үрдістерге қатысады да, қоректік элементтердің топырақ ерітіндісінде әрқашан болуын және топырақтың ең маңызды қасиеттерінің бірі – сіңіру қабілетінің тұрақты болуын қамтамасыз етеді.


Бақылау сұрақтары:
1.Топырақ коллоидтарының құрамы және қасиеттері
2.Коллоидты ерітінділер туралы түсінік
3.Топырақ коллоидтарының маңызы


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Тазабеков Т.Т. және басқалар Топырақ географиясы – Алматы, 2001
2.Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., Дүйсенбеков С.Л., Каримов М.Ш., Меизбаева Г.Қ. – Топырақтану. – Алматы, 2009
9-10. Дәріс


Тақырыбы: Топырақтың физикалық қасиеттері


Мақсаты: Топырақтардың физикалық қасиеттері және онда жүретін физикалық үрдістер топырақтың түзілу үрдістері болып табылады.
Негізгі сұрақтар:
9-10.1. Топырақтың жалпы физикалық қасиеттері.
9-10.2. Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері.
9-10.3. Топырақтың су режимі және суға қатысты қасиеттері.

Топырақ әртүрлі мөлшердегі бөлшектерден тұратын дисперсті табиғи дене, сол себепті оның физикалық қасиеттері тығыз денелердің қасиеттерінен айрықша. Топырақта барлық кеңістік қатты бөлшектермен толтырылмаған, олардың арасында су, ауа, микроағзалар болатын кеуектер бар.


Топырақтардың физикалық қасиеттері және онда жүретін физикалық үрдістер топырақтың түзілу үрдісіне, топырақтың құнарлығына, өсімдіктердің өсуіне және дамуына зор әсер етеді. Физикалық қасетттер барлық уақытта физикалық, химиялық, физика-химиялық және биологиялық үрдістердің әсер етуінен, сонымен бірге адамдар жүргізетін агротехникалық шаралар әсерінен өзгеріп отырады.
Топырақ физикасының негізін қалаушылар П.И.Костычев, А.А Измайльский, Г.Н.Высоцкий, В.Р.Вильямс және басқалар. Тоыпарқ физикасын дамытуда үлкен рөлді Н.А.Качинский, В.В.Квасников, А.Ф.Лебедев, А.А.Роде және т.б. атқарды.
Топырақтардың физикалық қасиеттері негізгі және функционалдық болып бөлінеді. Негізгі өз кезегінде – жалпы физикалық және физикалық-механикалыққа; ал функциональдық – сулық, жылулық, ауалық болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет