Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»


Топырақтың физикалық жетілуі (пісуі)



бет10/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2
Клиент маселесимен ӘЖ. СР-31, khir bolezni iga s, 2 5228920780762386228, 2 5228920780762386228, фарма сессия, luchevaja-diagnostika, 487828, 201212211351052, всевместе-1, Окончательные пробные 239, невро с портала, вб хб, Voprosy-vstupitelnogo-ekzamena-po-spetsialnosti-7R01190-Nefrologiya-vzroslaya-detskaya-1, Лекарственные препараты в стоматологии
Топырақтың физикалық жетілуі (пісуі) деп оның өңдеуге қолайлы болатын, кесектері жақсы үгітілетін және ең аз тарту күші болатын күйін атайды. Жетілу жағдайы топырақтың ылғалдылығымен анықталады, себебі ылғалдылыққа оның байланыстылығы тәуелді. Қажетті ылғалдылықтағы топырақты өңдеу қолайлы жағдай туғызады. Жыртуға қолайлы жағдай толық сыйымдылығының 50-60 % ылғалдылығы кезінде болады.
Тәжірибелі жер өңдеушілер топырақтың физикалық жетілуін және жырту уақытын дәл анықтауды үйренген. Топырақтың физикалық жетілу мерзімін анықтау үшін, қолға біраз топырақ алып сығамыз да, жасалған кесекті жерге тастаймыз. Егер кесек шашылмаса, онда ылғалдылық әлі көп, жыртуға әлі ерте, егер шашылып кетсе, онда бұл жырту уақыты келгенін көрсетеді. Бұл кезде топырақтың механикалық құрамын ескеру керек, бірдей ылғалдылықта құмдақ топырақ кесегі саздақ кесегіне қарағанда тез шашылады. Егер алынған топырақ үлгісін қолмен қысқан кезде кесек жасалмаса бұл топырақтың кеуіп кеткенін және жырту кезі өтіп кеткенін білдіреді.
Физикалық жетілуден басқа биологиялық жетілуді де бөліп көрсетуге болады. Биологиялық жетілу кезінде топырақтағы микроағзалардың биологиялық белсенділігі өсімдіктерге қажетті қоректік өнімдердің босануы ықпал жасайды. Топырақтағы микроағзалар өздерінің белсенді іс-әрекеті үшін белгілі бір мөлшердегі ылғалдылық пен жылуды, сонымен бірге ауаның еркін айналымын қажет етеді, кейде топырақтың биологиялық жетілуі оның физикалық жетілуімен сәйкес келмей, егістік жыртылғаннан кейін басталуы да мүмкін.
Топырақтың тығыздығы дегеніміз, әртүрлі формадағы денелерді (конус, цилиндр, т.б.) топыраққа күшпен енгізуге көрсететін кедергісі. Тығыздық 1 см2-қа түсетін килограммен өрнектеліп тығыздық өлшегішпен анықталады. Топырақтың тығыздығы топырақ бөлшектерінің санына байланысты және де ылғалдылық жоғарылаған сайын азаяды.
Құрғақ топырақтың тығыздығы өте жоғары. Тығыздық топырақтың тартылу кедергісінің мәніне ықпал етіп, өсімдіктің өсуіне біршама әсер етеді. Тығыз топырақта тамырлардың таралуы және өркендердің жер бетіне шығуы қиындайды. Механикалық құрамы ауыр, структурасыз, аз қарашірікті және құрамында сіңірілген натрий бар топырақтардың тығыздығы өте жоғары.
Топырақ ісінуі дегеніміз ылғалданған топырақтың көлемінің артуы. Бұндай қасиеттерге құрамында органикалық (әсіресе, қарашірік), минералдық коллоидтар және сіңірілген натрий бар топырақтар ие.
Құрамында коллоидты бөлшектер мүлде аз құмдауыт топырақтар ісінбейді. Топырақ ісінуіне ерекше әсер ететін қарашірік, себебі оның көлемі ылғалданғанда едәуір ұлғаяды. Натрий катиондарымен қаныққан топырақтар кейбіреулер ісінуге ерекше бейімді. Керісінше, сіңірілген натрийді кальциймен ауыстырғанда, ісіну төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет