Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»



бет13/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2
Клиент маселесимен ӘЖ. СР-31, khir bolezni iga s, 2 5228920780762386228, 2 5228920780762386228, фарма сессия, luchevaja-diagnostika, 487828, 201212211351052, всевместе-1, Окончательные пробные 239, невро с портала, вб хб, Voprosy-vstupitelnogo-ekzamena-po-spetsialnosti-7R01190-Nefrologiya-vzroslaya-detskaya-1, Лекарственные препараты в стоматологии
Топырақтың су балансы. Су балансы ылғалдың топыраққа келуі мен оның топырақтан пайдаланып кетуінен тұрады. Ол нақты зонада белгілі бір уақыт аралығында және белгілі бір топырақ қабатына арналып есептеледі. Ылғалдық топырақта жинақталу көзі – атмосфералық жауын-шашын. Топырақтың жоғарғы қабатының ылғалмен қанығуы төменгі ауа қабатындағы бу тәрізді және басқа ылғалдың конденсациясы арқылы да жүруі мүмкін. Ондай жағдай көбінесе беткейлердің етегінде және жер бедерінің кері элементтерінде ұшырасады. Ылғал қоры топырақ ішіндегі ылғал қозғалысы арқасында да толықтырылып отырады. Оған қосымша ылғал топыраққа жел ұшырып келген қардың еріп, сіңуімен де толықтырылады. Орман-тоғайдың айналасына, жыралар мен сайларға, ойыстарға жел күртік қарды үйіп тастайды. Осылармен қатар ылғал жиналуына жер асты суларынан жақын орналасқан капиллярлармен жоғарғы горизонттарға дейін көтерілетін сулар да ықпал етеді.
Топырақтың жоғарғы қабаттарында жинақталған су мына себептер нәтижесінде шығынға ұшырайды: 1) еріген қардың ағып кетуімен қардың желмен ұшыруы; 2) жер асты суларымен топырақтағы су қозғалысы; 3) топырақ ылғалының булануы; 4) өсімдіктер арқылы булану (транспирация). Ең жоғары ылғал шығыны топырақ ылғалының булануы мен өсімдіктер арқылы булану кезінде болады. өсімдіктердің топырақтағы ылғалды тамырлары арқылы пайдалануын десукция деп атайды. Десукция мөлшері өсімдік құрамына байланысты болады. И.С.Васильевтің зерттеулері бойынша күрделі шырша орманының орташа шымды топырақ беті төсенішіндегі десукция мөлшері жылына 70 мм, ағаш тәріздес өсімдіктер үшін 190 мм.
Орман қалыңдығы да десукция мөлшеріне үлкен ықпал етеді. А.А.Молчанов мәліметтері бойынша қалыңдығы 0,9 таза қарағайлы ормандарда ылғалдың жиынтық шығынының десукциясы 243 мм.


Бақылау сұрақтар:
1. Топырақтың жалпы физикалық қасиеттері.
2. Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері.
3. Топырақтың су режимі және суға қатысты қасиеттері.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Тазабеков Т.Т. және басқалар Топырақ географиясы – Алматы, 2001
2.Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., Дүйсенбеков С.Л., Каримов М.Ш., Меизбаева Г.Қ. – Топырақтану. – Алматы, 2009
11-13. Дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет