Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»


-21.2.Топырақ жамылғысының жалпы сипаттамасы



бет26/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2
Клиент маселесимен ӘЖ. СР-31, khir bolezni iga s, 2 5228920780762386228, 2 5228920780762386228, фарма сессия, luchevaja-diagnostika, 487828, 201212211351052, всевместе-1, Окончательные пробные 239, невро с портала, вб хб, Voprosy-vstupitelnogo-ekzamena-po-spetsialnosti-7R01190-Nefrologiya-vzroslaya-detskaya-1, Лекарственные препараты в стоматологии
20-21.2.Топырақ жамылғысының жалпы сипаттамасы.

Қазақстанның топырақ жамылғысы тым курделі және сан алуан. Республика аумағында таралған топырақ түрлері топырақ түзуші факторлармен тығыз байланысты, сондықтан топырақ түрлерінің тиісті географиялық заңдылықтарға сай орналасуын анықтау онша көп қиындық туғызбайды. Республинаның жазық белігінде ендік немесе горизонтал зоналық айқын байқалады, яғни белгілі топырақ типін құрайтын аймақ ендік бағытында созыла орналасып, зона түрінде солтүстіктен оңтүстікке жылжыған сайын басқа топырақ типімен ауысып отырады. Бұл құбылыс басты топырақ түзуші факторлармен (өсімдік жамылғысына және климатқа) тығыз байланыста жүреді.


Қазақстанның жазық аймағын 4 табиғат зонасы (орманды дала, дала, шөлейт және шөл) кесіп өтеді. Жазықтарда қаратопырақ (чернозем), күңгірт-күрең (темно-каштановый), күрең (каштановый), ашық-күрең (светло-каштановый), құба (бурый) және сұр-құба (серобурый) топырақ зоналары таралған. Топырақтың ендік (горизонтал) бағытта орналасқан топырақ зоналарының ішінде зона тармақтары айқын байқалады. Республиканың қиыр солтүстігіндегі Солтүстік қазақстан және Көкшетау облыстары жеріндегі орманды дала зонасының шағын бөлігінде орманның сұр топырағы таралған. қара топырақ зонасы республиканың солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігін, яғни 520 солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай, негізінен қостанай, Торғай, Ақмола, Солтүстік қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Көкшетау облыстарының бірталай бөлігін алып жатыр. Бұл зона республика аумағының 9,5% қамтиды. қара топырақты зона сілтісізденген қаратопырақ, кәдімгі қаратопырақ және оңтүстіктің қаратопырағы зона тармақтарына жіктеледі. Сілтісізденген қаратопырақ республиканың қиыр солтүстігіндегі орманды дала аймағының шағын ғана ауданын (0,4 млн. га) алып жатыр., Бұлардың аралығында орманның сұр топырағы кездеседі. Оңтүстікке қарай, қоңыржай қуаң далада, қазақстан топырағының 4,6% мөлшерін қамтитын кәдімгі қаратопырақ зона тармағы орналасқан. Оны оңтүстіктің қаратопырағы зона тармағы ауыстырады, оның ауданы кәдімгі каратопырақ зона тармағымен шамалас (4,9%). қара топырақ 530 солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай күрең топырақпен алмасады. Бұл зона батыстан шығысқа қарай ені кейде 700 км-ге жететін тұтас жалпақ жолақ жасап, созыла орналасқан. Мұндай топырак түрлері Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігінде, Жем үстіртінің біраз бөлігінде, Торғай үстіртінің оңтүстік бөлігінде, Сарыарқада және т.б. жерлерде кең таралған.
Күрең топырақ Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Орал, қостанай, Торғай, облыстарында басым. Топырақтың бұл түрінің жалпы үлесі 34,3%. Күрең топырақ аймағы да бірқатар зона тармақтарына бөлінеді. Солтүстіктен оңтүстікке қарай куңгірт-күрең топырақ күрең топырақпен, ол одан әрі ашық-күрең топырақпен алмасады. Бұлар қазақстан топырағының 10,5 %-ке дейінгі бөлігін қамтиды. Күңгірт-күрең және күрең топырақ түрлері құрғақ зона тармағында, ал ашық-күрең топырақ шөлейт зоналарда қалыптасқан. 480 солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай шөл зонасы басталады, мұнда құба және сұр-құба топырақтар кеңінен таралған. Топырақ типтерінің бұлайша алмасуы жауын-шашын максимумының көктем және қысқы маусымдарға алмасуы мен және жусанды-астық тұқымдас өсімдік жамылғысының жусанды-сораңды өсімдік жамылғысына алмасуына сай келеді. Мұндағы құба және сұр-құба топырақтар республика аумағының көп бөлігін қамтып (43,6%), үстірт, Каспий маңы ойпаты, Торғай төрткүлді өлкесі, Бетпакдала және басқа ірі ойпаттарда үлкен массивтер түрінде таралған. Құба және сұр-құба топырақтар зонасы республика шегінде тұтас аумақ құрап, солтүстігінде ашық-күрең, ал оңтүстігінде тау алдының сұр топырақ типтері аралығында орналасқан. Кеңестік кей ғалымдар құба топырақты шөлейт зонаға, ал сұр-құба топырақты шөл зонасына жатқызады. қазақстан топырақ тану мамандары құба топырақты шөл зонасының негізгі зоналық типіне жатқызады. құба топырақ зонасы 2 зона тармақтарына - шөл аймағының солтүстігін қамтитын құба топырақты (республика зонасының 21,6%) және оңтүстік шөлдердегі сұр-құба топырақты (республика зонасының 22% алып жатыр) өнірлерге бөлінеді. Шөлді аудандардағы көктемде су жиналатын тегістелген ойпаңдарда тақыр немесе тәріздес топырақтар дамыған. Бұл топырақ типінің беті полигоналды пішіндегі пластинкаларға бөлініп жарылған саз қабыршықтарынан тұрады. Топырақтың бұндай түрлері Шу, Сырдария, Іле т.б. өзендерінің төменгі ағыстарында, құба және сұрқұба топырақ араларында кездеседі. қазақстанның шөлейт және шөл зоналарында кең көлемде құм және кәдімгі құмды топырақ таралған. Топырақтың бұндай түрлері Атырау облысының 16%, Орал облысының 10%, Семей, қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы және Талдықорған облыстарының біраз бөліктерін алып жатыр.
Топырақтың зоналық таралу заңдылығымен қатар, Қазақстан топырақ жамылғысында өзіндік ерекшеліктер байқалады. Бұл жағдай батыстан шығысқа қарай климаттың континенталдығы өзгеруімен, мезо және микрожербедері пішіндері арасындағы айырмашылықтардан, аналық топырақ қалыптастырушы жыныстар сипатынан т.б. факторлардан көрінеді. Топырак қалыптастырушы факторлардың алуандығы Қазақстан топырақ жамылғысының ала-құлалығын арттырады. Қазақстанның куан климаттық жағдайларында автоморфтық (зоналық) топырақтармен қатар топырақ қалыптасу үрдісіне грунт сулары қатысатын - гидроморфты топырақтар да қалыптасады. Тапшы су режимдерінен және жер асты суы минерализациясының шамадан тыс артуынан Қазақстанның көпшілік бөлігінде сортаң топырақтар дамыған. Тұздың сапалық құрамының әр түрлілігінен, олардың миграциясы мен жинақталу қарқындылығының артуынан сортаң топырақтардың көптеген түрлері туындайды. Қазақстанда топырақтың бұндай түрлерінен сортаңдар мен кебірлер кең таралған. Сортаңдар мен кебірлер Қазақстанның жазық зоналарының барлық бөліктерінде кеңінен кездеседі. Бұнымен қатар кейбірлер дала және шөлейт зоналарына, ал сортаңдар шөл зонасына ұласып кетеді. Сортаңдардың едәуір бөлігі күнгірт-күрең және күрең топырақ зоналарында да аралас және өз алдына жеке массивтер құрап орналасады. Қазақстан аумағында кебірлер мен олардың кешендері 30%-тен астам жерлерді қамтиды. Шөлейт және шөл зоналарында сортаңдар ірі массивтер түрінде Каспий теңізі жағалауында, Арал теңізі және Балқаш маңында, сонымен қатар кеуіп қалған көлдер түбінде кездеседі. Сортаңдар ауданының жалпы өсу тенденциясы байқалуда. Жамбыл облысы жерінің 16,7%-ы сортаңдардан құралған. Сортаңдар сонымен қатар Атырау, Маңғыстау т.б. облыстарда да жиі таралған. Сортаңдар және олардың кешендерінің республикадағы жалпы ауданы 10 млн. гектарға жуық. Республиканың солтүстік бөлігінде Ақмола, Павлодар, Көкшетау облыстарындағы көктеректі-қайыңды, қарағайлы шоқ ормандарында ылғалдылығы жоғары сортаңдар кездеседі.
Қазақстанның өзен аңғарларында су режимі әсерінен қалыптасқан топырақ түрлері таралған. Өзен жайылмаларында госпалардың жыл сайын қабатталып жиналуынан құралған жайылмалық қабат орналасқан. Өзен арнасынан қашықтаған сайын шымдану үрдісі артып, жайылма маңының шалғындық топырақтары қалыптасады. Өзен жайылмалары топырағының қалыптасуына қатысатын аллювий үрдістерімен қатар мұнда зоналық факторлардың да әсері байқалады. Топырақтың мұндай типтерінің сортаңдану және сілтісіздену дәрежесі дала аймағына қарай артады, сонымен қатар осы бағытта топырақтағы қарашірік мөлшері де кемиді. Өзен анғарларының топырағы су мен тұздың айрықша режиміне сай қалыптасқан.
Қазақстан аумағының 1/10 мөлшеріне жуығын таулы аудандар алып жатыр. Тау беткейлерінде қалыптасқан топырақ жамылғысының жазықтардағы топырақтарға қарағанда елеулі айырмашылығы бар. Таулардың биіктігі мен беткейлердің қиялығы артқан сайын топырақ жамылғысының беткі қабатының шайылу қарқыны да соғұрлым күшейеді. Биіктікке байланысты топырақ типтері өзгереді. Сондықтан топырақ типтері тау беткейлерін айнала қоршай орналасып, вертикалды бағытта ауысып отырады. Топырақтың вертикалды зона бойынша таралу сипаты ендік бағыттағы топырақ зоналарына сай келеді. Тянь-Шань таулы аймағы топырағының қалыптасуына оның оңтүстікте, шөл аймағында орналасуы әсер етеді, соған байланысты таулы зонаның вертикалды аймағы шөлдік топырақ жамылғысынан басталады. Ал солтүстікке таман орналасқан дала аймағындағы Алтай тауларының вертикалды аймағы далалық топырақ типтерінен басталады. Қазақстанның таулы бөлігінде шөл аймағы мен көп жылдық қар аймағына дейінгі ортада толып жатқан таулық топырақ типтері - сұр, қоңыр, күрең, шалғындық-далалық күрең, қаратопырақ, сілтісізденген қаратопырақ т.б. түрлер таралған. Таулы аудандардың солтүстік және оңтүстік беткейлеріндегі топырақ жамылғыларының таралуында көп айырмашылықтар байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет