Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»



бет25/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2
Клиент маселесимен ӘЖ. СР-31, khir bolezni iga s, 2 5228920780762386228, 2 5228920780762386228, фарма сессия, luchevaja-diagnostika, 487828, 201212211351052, всевместе-1, Окончательные пробные 239, невро с портала, вб хб, Voprosy-vstupitelnogo-ekzamena-po-spetsialnosti-7R01190-Nefrologiya-vzroslaya-detskaya-1, Лекарственные препараты в стоматологии
Бақылау сұрақтары:
1.Топырақтардың құнарлылығы туралы түсінік
2.Топырақ құнарлылығының түрлері
3.Топырақ құнарлылығының кеми беру заңы және оны сынау


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Тазабеков Т.Т. және басқалар Топырақ географиясы – Алматы, 2001
2.Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., Дүйсенбеков С.Л., Каримов М.Ш., Меизбаева Г.Қ. – Топырақтану. – Алматы, 2009
20-21.Дәріс
Тақырыбы: Қазақстан топырақтарының ерекшеліктері


Мақсаты: Топырақ түрі топырақ түзілудегі бір немесе бірнеше үрдістер тіркесінің білінуі бойынша анықталады.
Негізгі сұрақтары:
20-21.1.Топырақ классификациясы
20-21.2.Топырақ жамылғысының жалпы сипаттамасы
20-21.3.Жазықтар топырақтары


20-21.1.Топырақ классификациясы.

Табиғатта топырақ топырақ түзілу факторларының өзара тығыз байланыстары нәтижесінде пайда болады және дамиды. Топырақ түзілуіне ықпал ететін факторлар тұрақты болған кезде, борпылдақ тау жыныстарындағы үрдістердің жылдамдығы және бағыттарына байланысты органикалық заттардың келуі, синтезі және ыдырауы, сулық, ауалық, жылулық және қоректену режимі бойынша ерекшеленетін топырақтар пайда болады.


Табиғатта әр фактордың әсері топырақ түзілу факторларының қандай тіркесте болуына байланысты уақыт аралығы мен кеңістікте өзгеріп отырады. Факторлардың уақыт аралығына өзгеруі кезінде топырақ эвалюциясы жүреді: топырақ түзілу үрдістері өзгереді, топырақ бір күйден басқасына ауысады. Факторлардың кеңістікте өзгеруі, мысалы құрылықта, алуан түрлі топырақтардың пайда болуына алып келеді. Ауданы 3-5 га кішкене аумақта 200-ге дейін топырақ түрі болуы мүмкін, ал қазақстанда 700-ден астам топырақ түрі кездеседі.
Табиғаттағы топырақтар алуандығын пайда болуы мен тузілуіне, маңызды қасиеттері мен құрамына байланысты бірнеше топқа бөлуге болады. Бұлай жіктеу топырақ классификациясы шешетін мәселелер.
Классификация сөзі латынның екі сөзінен шыққан classis - дәреже топ, және facio - жасаймын. Бірінші генетикалық классификацияны 1879 жылы В.В. Докучаев ұсынды, ол 1886 жылы баспадан шықты. қазіргі классификация В.В. Докучаевтың ілімі (1954) негізінде құрастырылды, онда адамның шаруашылық іс-шаралары әсерінен пайда болған топырақтартың қасиеттері мен құрамы ескеріліп, таксономиялық бірліктердің өндірістік ерекшеліктері мен оларды ұтымды пайдалану ғылыми жүйеге келтірілді. қазіргі классификацияның негізгі бірлігі топырақтың үлкен топтарын біріктіретін, ондағы табиғи шарттардың ұқсастығы мен нақты топырақ түзілу үрдістері айқын байқалатын генетикалық тип.
Топырақ тегі кешенді жергілікті ерекшеліктермен анықталады, олар: аналық жыныс, грунт суларының құрамы, ежелгі топырақ түзілу ерекшелігі, әр элементтердің шайылу сипаты және топырақ кескініің даму дәрежесі.
Топырақ түрі топырақ түзілудегі бір немесе бірнеше үрдістер тіркесінің білінуі бойынша анықталады. Түр тармақтары _ жоғары горизонттың механикалық құрамы бойынша, ал разряд - аналық және астыңғы жыныстар бойынша анықталады.
Классификация негізінде КСРО топырақтарының номенклатуралық тізімі жасалды. Ереже бойынша құрастырылатын топырақ атауларын топырақ номенклатурасы деп атайды. Ол үшін халық қойған атаулар қолданылады: шым, солод, қара топырақ, тақыр т. б. Көптеген топырақтарды түсіне қарай - күрең топырақ, сұр топырақ, құба топырақ, географиялық орналасуына байланысты _ оңтүстік, солтүстік, құрамына қарай - аз, көп, терең, қабатты; көрінуіне байланысты - қатты, орташа, шамалы деп атайды. Топыраққа атау бергенде бірінші орынға генетикалық жағын, екінші орынға _ топырақтың жоғарғы горизонт құрамын және ең соңғы орынға - аналық жыныс атауы және оның механикалық құрамын қояды. Номенклатуралық топырақ тізімі топырақты картографиялауда пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет