Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»


-27.2. Топырақты өңдеу құралдарына қойылатын агротехникалық талаптар



бет30/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2

25-27.2. Топырақты өңдеу құралдарына қойылатын агротехникалық талаптар.

Қайырмалы тәсілмен өңдеген кезде топырақтың бұзылу процесі тісті тырма қолданумен күшейе түседі, мұндай тырма желге төзімді түйіршіктерді тікелей майдалап жібереді. Әсіресе тобарсыған топырақты өңделген кезде қолданылатны дискілі сыдыра жыртқыштар түйіршіктерді өте-мөте қатты уатады. Олар құрға кезінде тым осал болатын топырақ түйіршіктерін тілгілеп тастайды да, түйіршік сыртындағы органикалық-минералдық қабықша біржола бұзылады, ол микроагрегаттар құм сияқты суылдап, желдің айдауына дайын тұрады.


Бұрын жыртылған жерлерді жұмыр катоктармен бастыру эрозиялық қауіпті ракцияларды көбейте түседі,топырақтың бетін тегістепғ\,эрозияның пайда болуына жәрдемдеседі.
Бұл айтылғандардан туатын қорытынды:күнгей қарбонатты қара топырақтар өңдеудің кәдуілгі жүйесі жағдайында тек беткі қабаттың түйіртпектілігі есебінен ғана желдің ықпалынан қорғала алмайды.Топырақтың өзінің түйіртпектілігіне қосылып сенімді қорғаныш болатын нәрсе-топырақты өңдеудің және тұқым сепкеннен кейін сақталатын орма қалдықтары.
Жел эрозиясы байқалған аймақтарға арналған топырақ өңдеу құралдарына қойылатын агротехникалық талаптар, ГОСТ бойынша жалпы белгілі талаптарға қоса,мынадай ережелермен толықтырылуға тиіс:1)өқрал жүріп өткеннен кейін топырақ бетіне орма сабақтары неғұрлым қөбірек сақталуы тиіс;) 0-5 см қабатта эрозиялық қауіпті фракциялардфң мөлшері өңделгенге дейінгі мөлшерден артпауы тиіс.
Орма сабақтары сақталған танаптарда кәдімгі қос дискілі шүмекті астық сеялкаларын қолдануға болмайды:олар орма қалдықтарымен бітеліп қала береді.Оның үстіне тұқымды мұндай сеялкалармен сепкеннен кейін тұқымның топыраққа жақсырақ сіңуі үшін катокпен бастыру керек болады.Ал құралдар мен дөңгелектердің қайта-өайта өтуі топырақ қорғайтын түйіртпектерді майдалай түседі.


25-27.3 Эрозияға қарсы қолданылатын құралдар мен машиналар.

Эрозияға қарсы қолданылатын топырақ өңдеу машиналары мен егіс машиналарының комплексіне қойылатын қойылатын агротехникалық талаптарды 1959 жылдан бері Бүкіл одақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері талдап жасайды,кейін оны механикаландыру институттары мен машина сынау станцияларының инженер-конструкторлары анықтайды,сосын бекіту үшін СССР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Союзсельхозтехникага» жіберіп отырады.


Агротехникалық талаптардың типтік формасы мынадай формалардан тұрады:
1)машинанаң қызметі,
2)ауыл шаруашылық өндірісіне арналған машиналар жүйесінде алатын орны,
3)қолданылатын аймағы ,
4)жұмыс жағдайы,
5)технологиялық процесінің сапалық көрсеткіштері,
6)техникалық-пайдалану талаптары,
7)экономикалық талаптары.

Машиналар мен құралдарды жасау кезінде және жасалған машиналар мен құралдарды мемлекеттік сынақтан өткізу кезінде басшылыққа алу үшін бекітілген агротехникалық талаптарды заводтардың конструкторлық бюролары мен машина сынау станцияларына жібереді.


Қазірге дейін топырақ өңдейтін мынадай құралдарға агротехникалық талаптар жасалады:
1.Егістікте арамшөптерде қырқатын және бастапқы орма сабақтарының 70-80 процентіне дейін сақтайтын терең қопсытқыш құрал.Жаңа құрал топырақты күзде негізгі өңдеуге және пар танаптарын қайырмалы плугтың орнына терең қопсытуға арналған.
2.Парды жазда күтуге және орма сабақтарының 80-90 процентін сақтай отырып топырақты күзде немесе көктемде тайыз өңдеуге арналған құрал.Бұл құрал дискілі сыдыра жыртқыштың орнына,сондай-ақ бірсыпыра реттерде топырақты күзде негізгі өңдеу үшін қолданылады.
3.Нақ сол мақсаттарға арналған,ауыр култиватор деп арналған құрал,ол топырақ ылғалдылығы тым жоғарғы жағдайда жұмыс істеуге тиіс.Бұл құралдың арамшөптерді толық жоюға және егістікті тұқым себу алдынан тегістеуге арналған штангалы қондырғысы да бар .
4.дербес құрал ретінде пар танабындағы майда тамырлы арам шөптерді жоюға,топырақты эрозиядан қорғайтын жабынды сақтай отырып,егістік бетін тегістеуге арналған штангалы культиватор.
5.Орама сабақтары сақталған егістікте көктемде ылғал жабуға күзде егін жинағаннан кейін топырақ қопсытуға,топырақ бетінде жатқан арам шөп қрықтарын көмуге,орма қалдықтарын неғұрлым көбірек сақтауға және егістіктің бетін тегістеуге,сондай-ақ күздік дақылдар мен көп жылдық шөптерді тырмалауға арналған құрал.
6.Топырақты өңдеумен бір мезгілде қажетті тереңдікке минералдық тыңайтқыш енгізу үшін қопсытқыш пен плоскерезге орнатылатын тетік.
Сонымен, агрономдар мен топырақ зерттеушілер инженерлермен бірлесе отырып,тұңғыш рет эрозияға қарсы техниканың эксперименттік тәжірибелік нұсқаларын жасауға кірісті,олар жасалып болысымен одан әрі жетілдіру және олардың эрозияға қарсы қасиеттеріне қойылатын талаптарды анықтай түсу үшін,сондай-ақ ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің топырақ қорғағыштық технологиясының әуелгі элементтерін ,сосын ол технологияның толық өзін жасау үшін дереу тәжірибеде және өндірістік жағдайда сынақтан өткізіліп отырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет