Бақылау сұрақтары:
1.Эрозияға қарсы қолданылатын құралдарды конструкциялау принциптерін негіздеу.
2.Топырақты өңдеу құралдарына қойылатын агротехникалық талаптар.
3.Эрозияға қарсы қолданылатын құралдар мен машиналар
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Тазабеков Т.Т. және басқалар Топырақ географиясы – Алматы, 2001
2.Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., Дүйсенбеков С.Л., Каримов М.Ш., Меизбаева Г.Қ. – Топырақтану. – Алматы, 2009
№28-30. Дәріс
Тақырыбы: Топырақ қорғау жөніндегі өңдеудің топырақ құнарына әсері.
Мақсаты: Қар еріп, көктемгі қар суы жиналғаннан кейін топырақ мейлінше қанып ылғалдану процестерін және тағы басқа жұмыстарын атқаруды айтады.
Негізгі сұрақтары:
28-30.1. Топырақты қайырмасыз өңдеудің дамуы.
28-30.2. Топырақ өңдеудің топырақ қорғау тәсілі және оның құнарлылығы.
28-30.3.Тәжірибе үшін пайдаланылатын топырақтағы қоректік заттардың мөлшері
Қазақстан мен Сибирьдің қатты қуаңшылықты аудандарында дәнді және басқа да дақылдарға арналған танаптарда топырақты қөқтемде өңдеу оның жел эрозиясынан қорғалуын қамтамасыз етуге негізінен оның үстіңгі қабатын ылғалсызданудан сақтауға,сондай-ақ арам шөптердің көгі мен сүйектерін толық жоятын болуға тиіс.
Қар еріп, көктемгі қар суы жиналғаннан кейін топырақ мейлінше қанып ылғалданады.Алайда көктемде,әсіресе ауа райы құрғақ және желді болған кезде,ол ылғалын тез жоғалтады.Жыртылған қабатнеғұрлым қопсу және танаптың кесекті беті кедір-бұдыр болса, яғни күзде қайыомалы плугпен жыртылған танптарда топырақ ылғалы соғұрлым мол жоғалады.Беті кесекті танаптарды көктемде тырмалау шамалы кешіксе-ақ көп ретте топырақтың үстіңгі қабаты қатты кеуіп,тұқым сепкен кезде құрғақ топырақтың астына түседі де,біртегіс көктей алмай қалады.
28-30.1 Топырақты қайырмасыз өңдеудің дамуы.
Қайырмалы плугпен жыртылған танаптарда,сонедай-ақ парларда үлкне кесектерді майдалау,егістіктің бетін тегістеу,төменгі қабаттарды құрғап кетуден сақтау үшін топырақтың қопсу қабатын жасау мақсатыман көктемде бірінші өңдеуді әдетте тісті тырмалармен жүргізеді.
Ең қолайлы құрал БИГ-3 инелі тырмасы болып табылады,ол мұндай танаптарда орым қалдықтары қанша болғанымен,тіпті егін жинау кезінде барлық майда сабан аңызға шашылып тасталғанның өзінді де,жұмыс істей береді.Бұл тырма егістік бетін тегістейді,топырақтың үстіңгі қабатын 4-6 см тереңдікте қопсытады,іс жүзінде өсімдк қалдықтарын түгелдей аңыз бетінде сақтайды,ал оның өзі кейін топырақты ылғалдың жоғалуынан және желдің бұзуынан қорғайды.Шаруашылықта инелі тырмалар жоқ болған ретте көктемгі бірінші өңдеу үшін жайпақ дискілі ЛД-10М дискілі сыдыра жыртқыштарын пайдалануға болады.Бірінші өңдеу тәсіліне байланысты топырақтың көктемгі тұқым сепкенге дейінгі ылғал жоғалтуын ВНИИЗХ-тың егінешілік бөлімі зерттеді.(3-таблица)
3-кесте
Ерте көктемде бірінші өңдеу үшін қолданылатын құралға байланысты плоскорезбен өңделген танапта егіс алдында топырақтағы өнімді ылғал запасы (мм)
Достарыңызбен бөлісу: |