28-30.3 Тәжірибе үшін пайдаланылатын топырақтағы қоректік заттардың мөлшері.
Қазақстанда,сибирь мен Оңтүстік Уральдың далалы аудандарында жиі ретте ауа райының қолайсыз болуы себепті дәнді дақылдарды жинау ұзаққа созылады да,шаруашылықтарда келесі жылдың егісіне арналған танаптардаң бәрін күзден бастап өңдеу мүмкін болмай қалады.Жоғарыда айтылғандай жаздық бидай парға егілген танаптарды ғана күзде өңдемей қалдыруға болады.Бұл танаптар парды дұрыс өңдеген және жаздық бидай егу алдындағы өңдеуді жақсы жүргізген жағдайда арам шөптерден неғұрлым таза болады және тәжірибенің көрсетіп жүргеніндей,пардан кейін екінші дақыл етіп сепкен ретте,күзде өңдемей-ақ оларда жаздық бидайдан жоғары өнім алуға болады.
Егіншіліктің практикалық тәжірибесі күзде өңделмеген танаптарда көктемде топырақты тұқым тасталатын тереңдіктен терең етіп өңдеудің қауіпті екенін көрсетеді.Егер көктемде,топырақтың лайықты пісуі жетісімен,мұндай танапты БИГ-3 инелі тырмасымен өңдеп,топырақтың үстіңгі қабатын 5-6 см тереңдікте қопсытып,аңыз бетіндегі арам шөптердің ұрығын топырақпен бастырса және егістік бетінде орым сабақтарынан,сабаннан және басқа өсімдік қалдықтарынан қорғаныш жабын қалдырса,және сол кезле эрозияға қарсы техниканы пайдаланудан ең жақсы нәтиже алыгады.Содан соң тұқым себу алдында,егер арам шөптер қаптап көріне бастаса,КПП-2,2 немесе КПЭ-3,8 культиватор-плоскорездерімен тайыз өңдеп,дақылды СЗС-9 және СЗС-2,1 сеялкаларымен себу керек.Арам шөп аз болған ретте егіс алдынан арнайы өңдемей-ақ,тұқымды сол сеялкалармен,сондай-ақ ЛДС-6 сеялкасымен себуге болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Топырақты қайырмасыз өңдеудің дамуы.
2. Топырақ өңдеудің топырақ қорғау тәсілі және оның құнарлылығы.
3.Тәжірибе үшін пайдаланылатын топырақтағы қоректік заттардың мөлшері
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Тазабеков Т.Т. және басқалар Топырақ географиясы – Алматы, 2001
2.Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., Дүйсенбеков С.Л., Каримов М.Ш., Меизбаева Г.Қ. – Топырақтану. – Алматы, 2009
Достарыңызбен бөлісу: |