Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»



бет17/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2

Бақылау сұрақтары:
1. Су режимінің шайылмайтын типі.
2. Орман ағаштарының аумақтың су режиміне әсері
3. Топырақтың жылу қасиеттері мен жылу режимі.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Тазабеков Т.Т. және басқалар Топырақ географиясы – Алматы, 2001
2.Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., Дүйсенбеков С.Л., Каримов М.Ш., Меизбаева Г.Қ. – Топырақтану. – Алматы, 200

14-16. Дәріс


Тақырыбы: Топырақтың құрылысы және морфологиялық белгілері


Мақсаты: Топырақтың сыртқы (морфологиялық) белгілері жалпы алғанда топырақ түзілуі үрдісін құрайтын биологиялық және физикалық –химиялық үрдістердің әсер етулерінен болып жататын органикалық және минералдық заттар айналымы мен олардың басқа күйге ауысуын сипаттайды.
Негізгі сұрақтары:
14-16.1. Горизонттарды белгілеу.
14-16.2. Горизонттар жазбасы.
14-16.3. Топырақтың стуктуралылығы.


14-16.1 Горизонттарды белгілеу

«Морфология»- гректің екі сөзінің бірігуінен шыққан: morphe – пішін және logos – түсінік, ілім. Топырақ морфологиясы көбінесе көру және сезіну көмегімен анықталатын топырақтардың сыртқы белгілері туралы ғылым. Негізгі морфологиялық белгілерге жататындар: жекеленген горизонттардың топырақ кескіндерінің құрылысы мен қалыңдығы, түсі мен боялуы, механикалық құрамы, структурасы, қалыптасуы, қосындылары мен жаңа түзілімдері.


Топырақтың морфологиялық белгілері – топырақтарда жүретін үрдістер көрінісі. Топырақтың сыртқы (морфологиялық) белгілері жалпы алғанда топырақ түзілуі үрдісін құрайтын биологиялық және физикалық –химиялық үрдістердің әсер етулерінен болып жататын органикалық және минералдық заттар айналымы мен олардың басқа күйге ауысуын сипаттайды. Егер бір-бірінен біршама қашықтықта орналасқан бірнеше топырақтарда топырақ түзілу үрдістері бірдей өтетін болса, онда олардың сыртқы түрлері де бірдей болады, басқаша айтсақ, морфологиялық белгілері бірдей топырақтар тобына біріктірілуі тиіс. Сол себепті топырақ түзілу үрдістерін зерттеу үшін топырақ кескіндеріне, сыртқы морфологиялық белгілеріне қарап үлгілер алынады.
Кез келген топырақты кескініне қарап, бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше қабаттардан тұратындығына көз жеткізуге болады. Бұлай болатыны, әртүрлі топырақ қабаттарындағы жүретін үрдістер бір-бірімен өзара байланысты болса да олардың жылдамдықтары мен бағыттары әртүрлі. Бұл үрдістер осыған дейін біртекті болған тау жыныстарына ұзақ уақыт бойы әсер ету арқылы, оларды морфологиялық белгілері мен қасиеттері бойынша бір-бірінен ерекшеленетін қабаттарға бөліп тастайды. Топырақтардың морфологиялық белгілері ұқсас болатын қаббатыр генетикалық горизонттар деп аталады.
Топырақ кескіні деп топырақ түзілу үрдістерінің біртектілігіне байланысты біріктірілген топырақ горизонттарының жиынтығын атаймыз. Топырақ кескініңі құрылысы біртіндеп, белгілі заңдылықтар бойынша, біреуі келесісіне ауысып отыратын, жекеленген топырақ горизонттарының морфологиялық белгілерімен анықталады.
Көптеген топырақтар кескіндерінің құрылысы, егер оларға жоғарыдан төмен қарай қараса, салыстырмалы түрде бір типті: жоғарыда орман төсенішінің, шымды құрайтын өсімдік қалдықтарының кішігірім қабаты, тереңіректе әртүрлі дәрежеде қарашірікпен немесе қарашіріндімен боялған горизонт, ал оның астында, аналық жыныс пен ортадағы өтпелі горизонт қалыптасқан.
Топырақ кескінінің қалыңдығы мен тереңдігі, топырақ түзілу типі мен топырақ түзілуіне кететін уақытқа тәуелді және де кең ауқымда өзгеруі мүмкін. Әдетте, топырақ кескіні қалың болған сайын, құнарлылығы жоғары болады. Топырақ кескінінің құрылысы мен қалыңдығы топырақ түзілу үрдістерінің бағыты мен сипаты туралы мағлұмат береді, сол арқылы пайдалану жолдары (топырақтарды өңдеу жүйелері, тыңайтқыш қолдану қажет пе жоқ па, өсірілетін дақылдар, ормандардың тұрақтылығы және өнімділігі) бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Сол себепті топырақ кескінінің жазбасын жазу топырақты картографиялауда, дақылдарды өсірудің агротехникалық шараларын құрастыруда, нақты шаруашылық жүргізу тәсілдерінде маңызды орын алады.
Топырақ кескінін сипаттау үшін оның жекелеген горизонттарының жазбасы жазылады.
Әрбір горизонтқа әріптік белгі беріледі В.В. Докучаев ұсынған және оны совет ғалымдары дамытқан әріптермен белгілеу жүйесі (латын шрифті) кеңінен қолданылады. Әріптермен генетикалық горизонттар, ал қосақталған әріптер мен әріпті-цифрлы индекстермен – өтпелі горизонттар мен горизонт бөлігі белгіленеді. Қабылданған белгілер мынадай:
Т –шымтезекті, органогенді горизонт.
А – топырақтағы органикалық заттардың биогендік жиналу горизонты. Әдетте қарашірікті, қарашірікті-аккумулятивті, шымды қабат деп аталады.
Ао – орман төсеніші, шым қабаты.
Ажыр – топырақтың жырту қабаты.
А1 – күлгін, орманның сұр және солодтанған топырақтардың қарашірікті, шымды, қарашірікті – аккумулятивті, қарашірікті – эллювиалбды горизонттары, түсі сұр немесе қара.
Аэ – элювиальдық, немесе шайылу горизонты, шымдалған, солодтанған. Түсі ақшылдау, ақшыл және ақ болады.
В – аналық жынысқа өтпелі, иллювиальды, немсе шайылу горизонты, шымды, орманнның сұр, күрең және басқа топырақтарда кездеседі, қара топырақтарда қарашірікті өтпелі горизонт.
G –тұрақты ылғалды топырақтар мен батпақты топырақтарға тән глейлі горизонт.
С – аналық борпылдақ тау жынысы.
Д – төсеніш тау жынысы.
Сонымен бірге әріптік индекстер қолданылады:
д-глейленген горизонттар үшін.
с-суда еритін тұздар жиынтығы .
г-гипс жиынтығы; цифрлық индекстер – 1,2,3 және т.б.
украинада А.Н. Соколовский жасаған басқа белгілеу жүйесі қолданылады.
Н –(грекше humus – қарашірік) қара топырақ пен күрең топырақтың А+В горизонььарына сәйкес келеді. Е (лат eluo – шаю) иллювиалды В горизонтына сәйкес.
К – карбонаттар жинақталатын горизонт
Q – гипс горизонты
Gl – глейлі горизонт, Т – шымтезекті горизонт, Н0 – орман төсеніші, Нr – шымтезекті горизонт, Р – топырақ түзілуінен өзгермеген жыныс.
Өтпелі горизонттарды немесе екі үрдіс жүретін гризонттарды белгілегенде екі сәйкес әріптер қояды, мысалы: НЕ–қарашірікті-эллбвиальды горизонт. Оған А1А2 сәйкес келеді.
Өтпелі горизонттар мен горизонт бөліктерінде екі үрдіс жүретін болса, онда сәйкес екі әріп қойылады.
Горизонтарды бөліктерге бөлу үшін морфологиялық белгілердің біреуінің өзгешелігі жеткілікті, мысалы: түсі немесе механикалық құрамы жәнет.б. горизонттарды бөліктерге бөлу қажеттілігі топырақ жазбасын жазу кезінде анықталады. Сонымен қатар, ішінде екі немесе одан да көп топырақ түзілу үрдістері жүретін өтпелі горизонттарды да бөледі, мысалы, шымдалу топырақтардағы шымданудан иллювиальдыға (АаВ), орманның сұр топырақтарындағы аккумлятивті қарашірікті горизонттан шымдануға (А1Аа) өтпелі горизонт.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет