Сабақтың мақсаты: Алдыңғы аяқтың иық белдеуі. Жауырын мен тоқпан жіліктің құрылысы және олардың үй жануарларындағы ерекшеліктері.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар
1.Үй жануарларының алдыңғы аяқ қаңқалары.
2.Жауырын және тоқпан жіліктер.
3.Атластар мен түрлі-түсті кестелер
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
Жануардың алдыңғы аяқ қаңқасы екі бөлімнен құралған. 1.Иық белдеуі: оған-жауыр сүйегі. 2. Еркін қозғалатын бөлім: ол-тоқпан жілік, білек, тізе, жіліншік және бақай сүйектерінен құралған. Жауырын мен тоқпан жіліктің қазақша-латынша атаулары мен құрылысын түсіндіру.Әр түрлі жануарлардағы ерекшеліктерін атап айту.
Достарыңызбен бөлісу: |