Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»



бет17/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

3-сұрақ. Қаңқа – бір-бірімен заңды түрде байланысқан сүйектер мен шеміршектердің жүйесі. Скелет, қаңқа (грек. skeleton – қатып қалу, сему). Остеология (osteologia s. systema sceleti – сүйектер туралы ілім, сүйектер жүйесі; лат. os, грек. osteon – сүйек, остеон және ілім) – қаңқа сүйектерін зерттейтін морфология ілімінің бөлімі. Қаңқа - жануарлардың сыртқы дене бітімін, кеңістіктегі қалпын анықтайды. Ол бұлшық еттер үшін тіректік, рычагтық және тіршілікке тым қажет мүшелер (ми, жұлын, жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, жыныс бездері, жатыр, қуық т.б.) үшін қатты да берік қабырғалар жасап, қорғаныс қызметтерін атқарады. Сондай-ак, қаңқа сүйектері организмдегі май және минеральды алмасуларға қатысады. Сүйектің қызыл кемігі майында қантүзілу процесі (гемопоэз) жүреді (эритроциттер, лейкоциттер, қан табақшалары түзіледі). Қаңқа сүйектернің жануарлар денелеріндегі үлес салмағы, олардың түріне, тұқымына, жасына, жынысына, физиологиялық (буаздық, сауылыу және т.б.) жағдайларына баланысты 6% - 13% дейін өзгеріп отырады. Мысалы, малдың етті тұқымының қаңқа сүйектерінің көрсеткіштері сүтті тұқым көрсеткіштеріне қарағанда аздау, жас төлдер сүйектерінің көрсеткіштері сақа малдар көрсеткіштерімен салыстырғанда көбірек болады. Арық малдар қаңқасының үлес салмағы семіз малдар көрсеткіштеріне қарағанда жоғары болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет