Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»



бет332/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Тілдің бұлшық еттері:
1.Тілдің өзіндік бұлшықеті (m. lingualis proprius) – тілдің еттік негізін құрайды.
2.Біз-тіл бұлшықеті (m. stiloglossus) немесе тілдің бүйірлік бұлшықеті – тіласты сүйектің үлкен бұтағының бүйірінен басталып, тілдің екі қапталын бойлай, оның ұшына жетіп аяқталады.
3.Тіласты-тіл бұлшықеті (m. hyoglossus) – тіласты сүйектің денесінен және көмекей мүйіздіктерінен басталып, тіл бұлшықетінде аяқталады. Тілді артқа тартып қысқартады және жалпақтандырады.
4.Иек-тіл бұлшықеті (m. genioglossus) – төменгіжақ сүйектің иек бұрышынан басталып, тілдің ұшы мен денесінде аяқталады. Тілді алға тартып, жалпақ пішін береді, қатты таңдайдан ажыратады.
5.Иек-тіласты бұлшықеті (m. geniohyoideus) – төменгіжақ сүйектің иек бұрышынан басталып, иек-тіл бұлшықетінің төменгі бетімен артқа қарай бағытталады да, тіласты сүйек денесінде немесе оның тіл өсіндісінде аяқталады.
Ауыз қуысының бездері (glandulae oris) – ауыз қуысына қабылданған азықтың өңделуі мен қорытыла бастауы үшін маңызды рөль атқарады. Шайналып ұсақталған азық ауыз қуысының сілекей бездері бөлетін сөлмен араласып, шыланып шайланып ұсақталғаннан соң, жұтуға ыңғайлы жағдайға келеді. Сілекей құрамындағы ферменттердің көмегімен шайналған азық құрамындағы күрделі көмірсулар, мысалы крахмал, ауыз құрамында қорытылып, мономерлеріне ыдырай бастайды. Сілекейдің құрамында микроорганизмдерді жоятын (лизоцим) және қарын бездерінің белсенді қызметіне ықпал ететін биологиялық белсенді заттар да болады. Ауыз қуысының сілекей бездері, олардың мөлшері мен орналасуорындарына байланысты: қабырғалық (интрамуральды) сілекей бездер және қабырғадан тыс жатқан (экстрамуральды) сілекей бездер болып екі топқа бөлінеді. Қабырғалық бездер - ауыз қуысы мүшелерінің кілегейлі қабықтарында, ал тілде ет талшықтары аралықтарын да орналасатын майда бездер. Бұлардың майда шығару өзектері ауыз қуысына ашылады. Қабырғадан тыс жатқан бездер ірі болады. Олар ауыз қуысынан тыс орналасады, бұлардың ірі шығару өзектері де ауыз қуысына ашылады. Бұларға: құлақтүбі (шықшыт), төменгіжақ (алқым) және тіласты (бұғақ) жұп сілекей бездері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет