Төменгіжақ безі (gl. mandibularis) – төменгіжақаралық кеңістікте орналасады. Бездің артқы бөлігін шықшыт безі сыртынан жауып тұрады. Шығару өзегі (ductus mandibularis) – бездің жоғарғы жиегімен алға қарай бағытталып, тіласты безінің медиальды бетімен өтіп, іласты сүйелшесінің төбесіне ашылады. Сірлі-кілегейлі (аралас) сілекей бөледі.
Тіласты безі (gl. sublingualis) – ауыз түбіндегі тіласты қатпарының кілегейлі қабығында, тілдің екі қапталында орналасқан. Без екі бөлімге: алдыңғы бөлімі – көпөзекті тіласты безі (gl. sublingualis polistomatica), артқы бөлімі – бірөзекті тіласты безі (gl. sublingualis monostomatica) бөлінеді. Көпөзекті без барлық жануарларда болады, тілдің бүйірлік бұлшықетінің медиальды бетінде орналасады. Бірөзекті без жылқыда болмайды. Тіласты безі аралас сілекей бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |