Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»



бет336/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Жұқыншақ (pharynx) – ауыз қуысын өңешпен, мұрын қуысын көмекеймен жалғастыратын, екі жүйеге ортақ пішіні түтікше етті-жарғақты мүше. Жұтқыншақта 7 тесік: 3 кіреберіс (2 хоана тесіктері және есін) және 4 шығаберіс (2 есту түтігінің, 1 өңешке, 1 көмекейге) болады. Түтікше мүше ретінде қабырғасы үш қабықтан: ішкі кілегейлі қабық, ортаңғы етті қабық және сыртқы адвентиция қабығынан тұрады. Жұтқыншақ қуысында ауа жүретін тыныс алу жолы мен ауыз қуысында өңделіп жұтылатын азық жүретін азық жолы бір-бірімен айқасып жатады. Тыныс алу жолын аңқа немесе мұрын-жұтқыншақ (nasopharynx) жолы деп те атайды. Аңқаның кілегейлі қабығы тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтары сияқты бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен, ал азық жолының кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен сатарланған. Жұтылу процесі кезінде тынысжолы жабылып қалады. Жұтылатын өңделген азықтың қысымымен жұмсақ таңдай жоғары көтеріліп, хоана тесіктерін жабады. Ал тіл түбірінің қысымымен көмекей бөбешігі көмекейдің кіреберіс тесігін жауып тастайды. Өңештің кіреберіс тесігі алға қарай тартылып, ауыз қуысының шығаберіс тесігі – есінге жанасады да, азық жұтқыншақтың етті қабығының көмегімен есіннен өңеш тесігіне итеріліп, азық жұтылады. Жұтудан кейін тіл түбірі алға, өңеш артқа жылжып,жұмсақ таңдай төмен түседі де, бөбешік алға серпіліп (негізін эластинді шеміршек құрайды), тыныс жолы ашылады.
Жұтқыншақтың кілегейлі қабығында жұтқыншақ бездері (gl. pharyngeae) және лимфа фолликулдары болады. Лимфа фолликулдары жұтқыншақтың артқы жағында жұтқыншақ бадамшасын (tonsilla pharyngeae) жасайды.
Жұтылу процесін іс жүзіне асыратын жұтқыншақтың ортаңғы етті қабығы: үш жұп тарылтқыш және бір жұп кеңейткіш бұлшықеттерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет