Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»



бет377/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Дәрістің тақырыбы: Жүйке жүйесі. Жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы


Дәрістің мақсаты: Студенттерді жүйке (нерв) жүйесінің бөлімдерімен, оладың мүшелерінің дамуымен, топографиясымен, құрылысымен және жануарлар организміндегі маңызымен таныстыру.
Түйінді сөздер: ми, жұлын, жүйкелер (нервтер), нейроциттер, жүйке ядролары, жүйке талшықтары, жүйке ұштары, рефлекс, сомалық, вегетативті, симпатикалық, парасимпатикалық жүйке жүйелері.
Иллюстрация – жүйке жүйесі, ми, жұлын (таблицалар, слайдтар).
Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:
1. Жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы, оның топографиялық және қызметтік бөлімдері.
2. Жүйке жүйесі мүшелерінің дамуы (филогенез, онтогенез).
3.Жұлынның топографиясы және құрылысы.
4. Мидың топографиясы және құрылысы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1-сұрақ. Жүйке (нерв) жүйесі – ЖЖ (нейрология) – жануарлар организмі мүшелерінің бір-бірімен үйлесімді қызметтерін біріктіріп, олардың біртұтастығын және оның қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз етеді. ЖЖ-інің организмдегі қызметтері рефлекс арқылы іс жүзіне асады. ЖЖ – жүйке (нерв) ұлпасынан тұрады. Топографиясына байланысты ЖЖ екі бөлімге: ЖЖ-інің орталық бөлімі (ми, жұлын) және ЖЖ-інің шеткі бөлімі (жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, ганглийлер, жүйке талшықтары, жүйке ұштары), ал организмдегі атқаратын қызметіне байланысты ЖЖ үш бөлімге: ЖЖ-інің сомалық бөлімі (тірек-қимыл аппараты, тері жабыны), ЖЖ-інің парасимпатикалық бөлімі (ішкі мүшелер, олардың бездері), ЖЖ-інің симпатикалық бөлімі (тамырлар жүйесінің мүшелері) бөлінеді. Соңғы екеуін біріктіріп, ЖЖ-інің вегетативті бөлімі деп атайды. Организм мүшелері қосарынан жүйкеленеді (нервтенеді).
2 – сұрақ. Филогенез. Жануарлар организміндегі ЖЖ-інің дамуы тіршілікке тән қасиеттердің бірі – тітіркенгіштік қасиетіне тікелей байланысты, яғни дененің тітіркеністерді қабылдап, оған белгілі дәрежеде жауап беру қабілеттігі.
1. Біржасушалы қарапайым жәндіктерде тітіркенгіштікті қабылдап, жауап беретін арнайы құрылым болмайды. Бұлар әсер етуші факторларды денесінің сыртқы бетімен қабылдап, олардың біреуіне үйлесімсіз жауап (таксис деп атайды) береді.
2. Көпжасушалы қарапайым жәндіктерде (су гидрасы) тітіркеністерді қабылдайтын (рецепторлар) және толқындарды өткізіп жауап беретін (эффекторлар) арнайы құрылым (эпителий-бұлшық ет жасушалары) пайда болады. Бұдан басқа жекеленген сезімтал нейроциттер де кездеседі. Кейбір полиптер мен медузаларда нейроциттер топтасып жинақталып, болашақ қызметіне байланысты қалыптасады.
3. Денесі бірбіліктілік және екіжақты симметриялық заңдылығына сәйкес дамып, организмі күрделенген жәндіктерде (насекомдар) нейроциттер топтасып, дененің ұзын бойын бойлай орналасқан жүйкелік бағандар құрайды. Бағандардың алдыңғы ұшы дененің болашақ бас жағындағы сезім мүшелерінің қызметін қамтамасыз ететін жұтқыншақ маңындағы жүйкелік сақинаға айналады (мидың қызметін атқарады, орналасу орындарына байланысты жұтқыншақүсті және жұтқыншақасты жүйке түйіндеріне ажырайды). Жұтқыншақүсті түйін – дененің бас аумағындағы сезім мүшелерінің (иіс сезімі, көру) қызметін үйлестіріп, басқарып отырады. Жұтқыншақасты түйіні – ішек түтігімен байланысты. Құрсақ сегменттерінің пайда болуы – жүйке бағанының жүйке түйіндер тізбегіне (ішектің төменгі жағындағы тақ немесе жұп жүйке түйіндері тізбегі) ыдырауына ықпалын тигізеді. Жүйке түйіндерінің шеткі жағында нейроциттер, ал олардың орталығында – жүйке талшықтары орналасады. Насекомдардан-ақ ЖЖ-інің орталық (жұтқыншақүсті және құрсақ жүйке түйіндерінің тізбегі) және шеткі бөлімдерін (жүйке түйіндерінен денеге таралатын жүйкелер, жүйке ұштары) ажыратуға болады.
4. Дене құрылысы күрделі насекомдарда (сұр шыбын) нейроциттердің топтасуы (жұтқыншақүсті түйінде – ұшатын насекомдарда – көру бөлігі, ал жерде тіршілік ететін насекомдарда - иістік бөлігі жақсы жетілген, құрсақ жүйке түйіндері бірігіп, үлкен бір көкірек түйініне айналады) одан әрі жүреді. Бал аралары мен құмырсқаларда жұтқыншақүсті түйінде – орталық және оның алдыңғы жағында саңрауқұлақ тәрізді денелер болады. Бұлар насекомдардың күрделі инстинктерін іс жүзіне асыратын аралық орталықтар.
5. Хордалы жануарларда ЖЖ – біріншілік эктодермадан (жүйке түтігі – сұр заты, ақ заты, түбіршіктер, жүйкелер, ганглийлер, жүйке талшықтары, жүйке ұштары, торлы құрлым) және мезенхимадан дамиды.
Онтогенез. ЖЖ-інің орталық бөлімінің мүшелері - жұлын мен ми біріншілік эктодермадан жетілтін жүйке түтігінен (Жт) дамиды. Жт хорданың жоғарғы жағында орналасып, екі бөлімге: хордаүстілік (эпихордальды) және хордаалдылық (прехордальды) бөлімдерге бөлінеді. Жт – алғашқы кезде біркелкі эктодермоциттерден тұрады. Кейіннен болашақ қызметтеріне сәйкес эктодермоциттерден: нейробласттар (ЖЖ-і мүшелерінің құрылымдық және қызметтік бірлігі – нейроциттер дамиды) және глиобласттар (макроглиялар дамиды: эпендимоциттер, астроциттер, олигодендроглияциттер) дамып жетіледі. Микроглия – дамудың соңғы кезеңінде орталық ЖЖ мүшелерінде мезенхимадан (қан тамырлары арқылы ағып келеді: қоректік, қорғаныс қызметтері) дамып жетіледі.
Жұлын – Жт-інің эпихордальды, ми - Жт-інің прехордальды бөлігінен дамиды (үшкөпіршікті ми – алдыңғы, ортаңғы, артқы бөлімдер; бескөпіршікті ми - алдыңғы бөлім: алдыңғы жұп - соңғы ми, артқы тақ - аралық ми; ортаңғы бөлім: ортаңғы ми; артқы бөлім: алдыңғы бөлігінен – артқы ми, артқы бөлігінен – сопақша ми).
3 – сұрақ. Жұлынның және мидың сезімтал түйіндері (ганглийлері) – ганглионды пластинкадан дамиды, дорсальды (жұп сезімтал) жүйке түбіршіктерінің бойында орналасады. Сыртынан ДҰ-лық қапшықпен қапталған. Одан ганглий ішіне ДҰ-лық перделіктер тарайды. ДҰ-лық қапшық пен перделіктер ганглий стромасын құрайды. Ганглий паренхимасын ганглийдің шеткі жағында топтаса орналасқан сезімтал псевдоуниполярлы нейроциттер мен ганглий орталығымен өтетін осы нейроциттер өсінділерінен (аксондар, дендриттер) түзілген жүйке талшықтары құрайды. Сезімтал нейроциттер денелері сыртынан бір қабат глия жасушаларымен қошалып жатады. Бұларды мантий глиоциттері деп атайды. Глиоциттерді сыртынан жасушаларының ядролары сопақ пішінді ДҰ-лық қабық қаптап жатады. Жұлын ганглийлері сезімтал нейроциттерінің дендриттері сезімтал жүйке талшықтары дененің тері сезімі, ал ми ганглийлерінің сезімтал жүйке талшықтары бас терісінің пецепторларында аяқталады.
3 – сұрақ. Жұлын (Ж) – омыртқа бағаны өзегінде орналасқан, пішіні цилиндр тәрізді, тірі организмдегі түрлі рефлекстердің іс жүзіне асуын қамтамасыз ететін орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) мүшесі. Ж сыртынан үш қабық: қатты қабық, өрмелі (торлы) қабық, жұмсақ қабық қаптап жатыр. Омыртқа бағаны өзегі мен жұлын қабықтары арасында үш кеңістік: қаттыүсті кеңістік (БДҰ, май ұлпасы), қаттыасты кеңістік (эндотелиймен астарланған, жұлын сұйығы), өрмеліасты кеңістік (эндотелиймен астарланған, жұлын сұйығы) болады. Ж – топографиясына баланысты: мойын, көкірек, бел, құйымшақ бөлімдеріне бөлінеді. Мойын мен бел бөлімдерінде жұлын жуандаулары бар. Бел бөлімінен кейін Ж сүйірленіп, жұлын конусын, одан әрі 1 – 2 ші құйрық омыртқалары деңгейінде тым жіңішкеріп, соңғы жіпке айналады. Ж - орталық дорсальды сай және орталық вентральды саңлау арқылы екі: оң және сол бөліктерге бөлінеді. Ж-ның орталығымен жұлын өзегі (жұлын сұйығы) өтеді. Ж-ның екі жағында оң және сол дорсальды латеральды сайлар, оң және сол вентральды латеральды сайлар болады. Ж- бірінен анық ажырайтын сыртқы ақ заттан ( пішіні Н тәрізді, миелинді жүйке талшықтарынан, жүйкелік глия), ішкі сұр заттан (нейроциттер денелерінен, миелинсіз жүйке талшықтарынан, жүйкелік глия) тұрады. Ж-ның әр бөлігіндегі ақ зат сайлар вентральды саңлау арқылы дорсальды, латеральды, вентральды арқаншаларға бөледі. Ақ затта Ж сегменттерін байланыстыратын қысқа өткізгіш жолдар және Ж сегменттерін ми орталықтарымен жалғастыратын ұзын өткізгіш жолдар болады. Әр бөліктің сұр заты да өзара сұрзаттық дәнекермен байланысып, олардың әрқайсысы сайлар мен вентральды саңлау арқылы вентральды, латеральды (мойын бөлімінде болмайды), дорсальды мүйіздерге (бағандарға) ажыратылады. Сұр затта белгілі-бір қызмет атқаратын нейроциттер белгілі аймақта топтаса орналасып, сұрзаттық ядролар құрайды. Сұр заттағы нейроциттер мөлшері мен құрылысына, топографиясына және жүйке толқынын өткізу сипатына сәйкес үш топқа бөлінеді: 1)түбіршік нейроциттер (аксондары вентральды түбіршік құрамында Ж-нан шығады), 2)ішкі нейроциттер (аксондары сұр зат нейроциттерінде синапспен аяқталады), 3)шоғырлы нейроциттер - Ж-ның өткізгіш жолдарын (қысқа, ұзын) түзеді. Сұр заттың дорсальды мүйізіндегі ядролар: кеуекті қабат (майда шоғырлы нейроциттер), желатин тәрізді зат (майда шоғырлы нейроциттер, ассоциативті нейроциттер Ж ганглийіндегі сезімтал нейроциттерді вентральды мүйіздегі қозғалтқыш нейроциттермен жалғастырып, Ж ішіндегі рефлекторлық доғаны тұйықтайды), дорсальдық мүйіздің өзіндік ядросы (ассоциативті нейроциттерінің аксондары ақзаттық дәнекерлікпен Ж-ның қарама-қарсы жағына өтіп, жұлын-мишық, жұлын-көру төмпегінің өткізгіш жолдарын түзеді), кеуде ядросы (мультиполярлы нейроциттердің аксондары өз жағындағы бүйірлік арқаншаға өтіп, дорсальды жұлын-мишық жолын түзеді).
Дорсальды мүйіздің аралық аймағында: медиальды (аксондары өз жағындағы вентральды жұлын-мишық өткізгіш жолын түзеді) және латеральды аралық (симпатикалық ЖЖ-нің аралық нейроциттері ) ядролар болады.
Вентральды мүйіздегі нейроциттердің қозғалтқыш ядролары: медиальды топтағы нейроциттер (аксондары тұлға бұлшық еттерін), латеральды топтағы нейроциттер (Ж жуандаулары арқылы аяқтарға өтіп, олардың бұлшық еттерін).
4 – сұрақ. Ми – ми сауыты қуысында орналасқан, жануарлар организмі мүшелер жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп реттеп, бақылап отыратын ЖЖ-нің орталық мүшесі. Ми көлденең сай арқылы үлкен ми және ромбы тәрізді ми болып екі бөлімге бөлінеді. Үлкен ми – ортаңғы мидан, аралық мидан және соңғы мидан, ал ромбы тәрізді ми – артқы мидан (мишық, ми көпірі) және сопақша мидан құралған. Ми сұр затының көп бөлігі соңғы ми сыңарлары мен мишықтың сыртқы бетінде орналасып, олардың қыртысты қабаттарын, ал қалған бөлігі ми діңгегінің (сопақша ми, ми көпірі, ортаңғы ми, аралық ми, соңғы мидың базальды бөлігі) көптеген сұрзаттық ядроларын құрайды. Ми қыртыстарының астында және ми діңгегі ядроларының аралықтарында мидың ақ заты орналасады.
Сопақша ми (СМ) – пішіні сопақша келген жұлынмен жалғасып жатқан мидың артқы бөлігі. СМ-дың төменгі бетінде вентральды орталық саңлау және латеральды вентральды сайлармен бөлінген оң және сол сопақша ми пирамидалары көрінеді. СМ–дың сыртында ақ зат, ішінде ақзаттық аралықтармен бөлінген сұрзаттық ядролар болады. Бұлар тіршілікке тым қажет вегетативті орталықтар (жүрек соғу, тыныс алу, тер бөлу, сілекей бөлу, шайнау, жұту, сору, көз жасын бөлу, ас қорыту сөлдерін бөлу, құсу, кекіру, күйіс қайтару, түшкіру, жөтелу, көз жыпылықтау). Бұлардан басқа ми жүйкелерінің сезімтал (4-ші ми қарыншасының түбінде, оның сыртқы латеральды жағында – сынаша, жұқа шоғырлар ядролар, үшкіл, есту жүйкелерінің ядролары) және қозғалтқыш (4-ші ми қарыншасының түбінде, оның ішкі медиальды жағында) сұрзаттық ядролары болады. СМ-да жүйке толқындарын мидың басқа бөлімдеріне ауыстырып қосып тұратын (бекеттің – стансаның қызметін атқаратын) ядолар (зәйтүн – олива ядросының нейроциттерінде мишық, ортаңғы ми қызыл ядросы, торлы құрылым, жұлын нейроциттерінің аксондары синапспен аяқталады. Өз кезегінде зәйтүн ядросының ірі мультиполярлы нейроциттерінің аксондары мишық пен көру төмпегі нейроциттерімен синапс арқылы жалғасады) да болады.Сұрзаттық ядролар аралықтарында бір-бірімен жалғасып жатқан пішіні әр түрлі нейроциттерден тұратын торлы құрылым (ми бөлімдері орталықтарын байланыстырып, үйлестіру қызметін, тыныс алу және тамырлар жүйелерінің орталығы қызметін атқарады) орналасады.
Артқы ми – мишықтан жіне ми көпірінен тұрады.
Мишық (М) – жануарлар денесінің кеңістіктегі тепе-теңдігін сақтау және дее мүшелерінің қозғалыстарын үйлестіру орталықтары ораласқан, пішіні шар тәрізді ми бөлігі. Ұзынынан өтетін екі сай М-тың сыртқы бетін үш бөлікке: оң және сол М жартышарлары мен ортаңғы бөлік – құртшаға бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   373   374   375   376   377   378   379   380   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет