Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:
Құстардың қан айналым жүйесі.
Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1-сұрақ. Құстың жүрек-тамырлар жүйесі (systema cardio-vasculare) – қанайналым және лимфаайналым жүйелерінен тұрады. Қанайналым жүйесі - қан тамырлары және олармен үздіксіз қазғалыста болатын сұйық тірі ұлпа – қаннан, сондай-ақ, осы сұйық ұлпаны қозғалысқа келтіретін орталық мүше - жүректен тұрады. Құс қаны эритроциттерінің пішіні сопақ болып келеді және оларда сопақ келген ядролар болады. Құс жүрегі (грек. kardia, лат. cor) де, төрт бөлімнен: екі жүрекшеден (atrium cordis) және екі қарыншадан (ventriculus cordis) тұрады. Лимфаайналым жүйесін – құс денесінен лимфаны – жұқа қабырғалы лимфа тамырлары жинап, мойындырықтық венаға құятын оң және сол көкірек өзектерін түзеді. Көптеген лимфа тамырларының қабырғаларында етті қабықтар жетілмеген. Жиырылып, лимфаның, лимфа тамырларымен қозғалып, оның ағуына көмектесетін етті қабықтар - тек, дененің артқы бөліктеріндегі лмфа тамырлары қабырғаларында ғана жақсы жетілген. Қызметіне байланысты, лимфа тамырларының етті қабықтарының жиынтығын – «лимфалық жүрек» - деп те, атайды. Құс жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Құстың жүйке жүйесі (systema nervosum) де, орталық жүйке жүйесі және шеткі жүйке жүйесі болып екіге бөлінеді. Орталық жүйке жүйесін – жұлын (medulla spinalis) мен ми (encephalon), ал шеткі жүйке жүйесін – жұлын мен мидан шығып, құс денесі мүшелеріне таралатын: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке ұштары құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |