Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»


– сұрақ. Өкпе – пішіні конус тәрізді құрылысы жағынан паренхималы газ алмасу мүшесі. Өкпеде өкпе негізі



бет353/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

4 – сұрақ. Өкпе – пішіні конус тәрізді құрылысы жағынан паренхималы газ алмасу мүшесі. Өкпеде өкпе негізі, өкпе төбесі, дорсальды доғал және вентральды қырлы жиектері, қабырғалық, диафрагмалық медиальды беттері ажыратылады. Өкпенің ішкі медиальды беті өз кезегінде екі бөлікке: омыртқалық және көкірек ортасы бөліктерге бөлінеді. Төменгі жағындағы бөлікаралық сайлар өкпені бірнеше бөліктерге бөледі. Сол өкпеде: краниальды, ортаңғы және каудальды бөліктер; оң өкпеде: краниальды, ортаңғы, каудальды және қосымша бөліктер болады. Паренхималы мүше ретінде өкпе –паренхимадан және стромадан тұрады. Өкпе стромасын - мүше паренхимасын дәнекерлеп, біріктіріп біртұтас ететін және қоректендіруші қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер өтетін жұқа борпылдақ дәнекерұлпалық аралықтар құрайды. Өкпе паренхимасы бронхтар және альвеолалар тарамдарынан тұрады. Бронхтар тарамы – тыныс жолдарына жатады. Бронхтарда ауа тазаланады, ылғалданады (су буымен), жылиды да, өкпенің газ алмасу (респираторлы) бөліміне өтеді. Орналасу орындарына, құрылысына және арнасының диаметріне байланысты бронхтар кеңірдектен кезегімен таралып, төмендегідей бронхтарға ажырайды. Олар: негізгі бронх, ірі бронх, орта бронх, кіші бронх бронхиолалар, соңғы (терминальды) бронхиола. Бронхтардың соңғы тармақтары мен бронхиолалардың ішкі кірпікшелі эпителий қабатында басқа бронхтар эпителий қабатындағыдай: призма тәрізді кірпікшелі, бокал тәрізді (құтыша), базальды (негіздік), эндокринді жасушалардан басқа көбелі (жиекті), кірпікшесіз жасушалар мен Клар жасушалары кездеседі. Биік көбелі жасушалардың апикальды ұшында хеморецепторлардың қызметін атқаратын микробүрлер. Клар жасушасының секреті альвеолардың ішкі бетіндегі үлдірлі қабат – сурфактантты ерітеді. Альвеолалар тарамы - өкпе бөлікшелерін (өкпе ацинустарын) құрайтын өкпенің газ алмасу (респираторлы) бөлімі. Бұл тарам – альвеолалы бронхиолодан, альвеолалы жолдардан, альвеолалы қапшықтардан және альвеолалардан құралған. Альвеолалардың қабырғаларын негіздік жарғақта орналасқан альвеолоциттер (пневмоциттер) астарлайды. Олар: респираторлы және үлкен пневмоциттер болып екі түрге бөлінеді. Респираторлы пневмоциттердің орташа қалыңдығы 0,2 – 0,3 мкм. Олардың ядролар орналасқан тұсының биіктігі 5 – 6 мкм. Жасушалар цитоплазмасында барлық органеллалар жеткілікті деңгейде жетілген. Пневмоциттердің альвеола қуысына қараған беті белоктардан, фосфолипидтерден және гликопротеидтерден құралған жұқа үлдір тәріздес сурфактант қабатымен қапталған. Сурфактант – альвеолалардың ішкі беттерінің өзара жабысып қалуынан сақтап, ауаның құрамындағы микроорганизмдердің өкпе ұлпаларына өтпеуін қамтамасыз етеді. Үлкен пневмоциттер – респираторлы пневмоциттердің аралықтарында жекеленіп немесе топтасып орналасады. Ірі ядролы үлкен пневмоциттердің апикальды ұшында қысқа микробүрлер болады. Бұлардың цитоплазмасында органеллалардан басқа фосфолипидтерден құралған тығыз денешіктер (цитосомалар) кездеседі. Үлкен пневмоциттер – альвеолалардың ішкі бетін қаптап тұратын сурфактант бөледі. Өкпе ацинусын – бір альвеолалы бронхиоладан таралған альвеолалы жолдар, альвеолалы қапшықтар және олардың қабырғаларындағы альвеолалар мен бұларды дәнекерлеп біріктіріп тұрған борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар және осы аралықтар арқылы өтетін қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет