Білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы»



бет7/34
Дата14.04.2023
өлшемі230,6 Kb.
#174494
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Байланысты:
ПрактикаФонетикаЛексикологияҚТӘ

Сабақ жоспары:
1. Дауыссыз фонемалар құрамы, олардың жасалу ерекшеліктері.
2. Консонантизмдердің топтастырылуы.
Бақылау сұрақтары:
1. Дауыссыз дыбыстар жүйесі
2. Дауыссыз дыбыстардың жасалуы, қолданылуы, айтылуы және жазылуы
Тапсырма:
Берілген үлгі бойынша сатылай кешенді дыбыстық талдау жасаңыз.
Үлгі:
Біреу: жіңішке сөз; 5 әріп; 5 дыбыс; 2 буын: бі – ашық буын, реу – бітеу буын; 1 тасымал: бі-реу.
2 (і,е) жуан – 0 ашық – 1 (е)
5 = ; 2 = ; 2 = ;
3 (б,р,у) жіңішке – 2 (і,е) қысаң – 1 (і)
еріндік – 0
2 = ;
езулік – 2 (і,е)
қатаң – 0; ұяң – 1 (б)
3 =
үнді – 2 (р,у)


Орфография: біреу
Орфоэпия: біреу
Ықпал түрі:
Буын үндестігіне бағынады.
Сөз екпіні: бірѐу

Біреу малма сапсиды, салып иін


Салбыраңқы тартыпты жыртық киім. 
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.

Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай – 


Қыстың басы бірі ерте, біреуі жәй.
Ерте барсам жерімді жеп қоям деп
Ықтырмамен күзеуде отырар бай.
Блиц-тест:
1. Эксплозив дауыссыздар?
А) ф, в, с, ш, ж, з
В) п, ф, б, в, т, д
С) к, қ, г, ғ, х, һ
Д) з, х, Һ, р, ғ, қ
Е) п, б, т, д, к, г
2. Бұл фонемаларды айтқанда астыңғы ерін үстіңгі күрек тіске жуысады да, араларынан ауа сыздықтап өтеді, бірі – қатаң, бірі – ұяң, ызың дыбыстар (екі фокусты)?
А) ж, ш
В) с, з
С) ф, в
Д) ғ, х
Е) ц, ч
3. Қатаң дауыссыз дыбыстардан жасалған сөз?
А) тас
В) әлдекім
С) тамаша
Д) көйлек
Е) сәукеле
4. Ұяң дауыссыз дыбыстар қатары?
А) п, т, д, к, з, ц
В) б, в, г, ғ, д, ж, з
С) т, д, ш, с, г, к
Д) г, к, д, ғ, ш, з
Е) к, г, ш, б, з, в
5. Ғалым Ә.Жүнісбеков сингармониялық тұрғыда бір фонема деп есептеген қос дауыссыздар?
А) т-д, п-б
В) с-ш, ж-з
С) к-қ, г-ғ
Д) с-ц, ш-ч
Е) п-ф, б-в
6. Қ.Жұбанов жіктеуіндегі көмей дауыссыздар?
А) п, б, ш, ж
В) м, н, ң, л
С) т, д, с, з
Д) к, қ, г, ғ
Е) х, һ, ч, щ
7. Геминацияланған дауыссыздар?
А) шай-шәй
В) айқай-айғай
С) садақа-садаға
Д) балалар, болғаннан соң
Е) махаббат-тәкаппар
8. Тілдің ұшы астыңғы күрек тіспен жабыспай жуысуынан жасалатын фрикатив екі фокусты қатаң фонема?
А) ж
В) ш
С) з
Д) с
Е) п
9. Қатаң дауыссыздардың қатары?
А) з, ж, һ, н
В) б, р, л, м
С) т, с, ш, ф
Д) н, в, ғ, л
Е) м, н, л, р, ғ
10. Үнді дауыссыз дыбыстар қатары?
А) б, в, г, ғ, н
В) п, ф, к, қ, т, с, ш
С) р, ж, к, з
Д) р, л, й, у
Е) ж, һ, р, ң
11. Салдырдың /шудың/ пайда болуы?
А) дауыс шымылдығының дірілінен
В) ерін мен еріннің жуысуынан
С) тілдің қозғалысынан
Д) дауыс шымылдығының дірілінен
Е) ауаның кедергіге ұшырауынан
12. «Т» фонемасының сипаттамасы?
А) үнді, тіл ұшы, шұғыл
В) қатаң, тіл ұшы, шұғыл
С) тіл ортасы, сүйір ерін
Д) ұяң, тіл ортасы, шұғыл
Е) қатаң, тіл арты, ызың
13. Қазақ тілі мен орыс тіліне ортақ дауыссыз фонемалар?
А) 16
В) 12
С) 15
Д) 13
Е) 14
14. Қ.Жұбанов жіктеуіндегі жуысыңқы дауыссыздар?
А) п, б
В) ғ, г
С) қ, к
Д) т, с
Е) м, г
15. Аффрикат дыбыстар?
А) ц, ч
В) ф, в
С) э, ю
Д) п, б
Е) қ, к;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет