Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 5В010200- бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Пән циклы атауы және коды


Тақырыбы Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі. Әдіс ұғымы және ойлау тәсілдері



бет9/57
Дата07.02.2022
өлшемі127,26 Kb.
#83315
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Байланысты:
казак тилин окыту

9.1.4. Тақырыбы Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі. Әдіс ұғымы және ойлау тәсілдері.
Сағат саны 1.
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі.
2.Қазақ тілін оқытуда пайдаланылатын тиімді әдіс-тәсілдерге сипаттама беру, ғылыми негізіне тоқталу.
3.Әдіс пен тәсілдің бір-бірімен байланыстылығы.
Дәріс тезисі*Әңгіме әдісі немесе сұрақ -жауап әдісі, ал кейде эвристикалық әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа аударуды қамтамасыз етеді. Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. әңгіме кезінде балалардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қойылады, оны балалар өздері шешуге тиіс. Мысалы, оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, соның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы, «қайда?» сұрағына жауап беретін әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді, мәселен, қалада, далада, мектепте, балабақшада т.б. ) жауап беретін бірнеше сөздерді табулары керек.
Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға (оқушылардың) балалардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде (индуктивтік жағдайда), тіл құбылыстарын жеке-жеке түсіндіріп, сонан жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда қолданылған әдіс индуктивтік немесе индукция әдісі деп аталады. Ал, екінші жағдайда анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң оны нақты материалға қолдануды (берілген сөздерді, сөйлемдерді немесе тексті талдауды) ұсынады, өздеріне мысал келтіртеді. Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті немесе дедукция әдісі деп аталады.
Қандай әдіс болмасын әртүрлі құралдар арқылы іске асады. Мұндай құралдар: оқулық, сөздік схема, картина, таблица, кинофильм, диафильм, радио, магнитафон, т.б. бұл құралдар өтілетін материалдың сипатына қарай кез-келген әдісте қолданыла береді.Жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау – жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке тұлғаны дамытудың, баланың тілін дамытудың, оның жеке қасиеттерін ашып, білімі мен біліктілігін күшейте отырып, өзара қарым- қатынаста қолданатын сөз байлығын молайту болып табылады. Компьютерлік технология. Қазақ тілі сабағында компьютерді пайдалану оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады. Тілдің салаларын өту кезінде бір жүйеге құрылған тапсырмаларды пайдалануға болады. Тест тапсырмаларын компьютер арқылы беріп, білімдерін тексеруге болады. Компюьтер оқушының ақыл-ойын дамытумен бірге, өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады.
Топтастыру технологиясы. Әдіскер В.К.Дьяченконың пікірінше, топтастыра оқыту оқыту тәсіліне қатысты. Бұл технология өз ішінен сыныптық сабақ ұйымы, лекция-семинарлық жүйе, Белл-ланкастерлік жүйе, зертханалық – топталған әдіс, сызба эдісі, трамп әдісі болып сараланады. Белл-ланкастерлік жүйе бойынша үлкен жастағы балалар бірінші мұғалімнің басшылығымен өз беттерінше тапсырмаларды орындайды. Содан соң жақсы нәтиже алған оқушылар нашар меңгерген оқушыларға үйретеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет