Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 5В010200- бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Пән циклы атауы және коды



бет11/57
Дата07.02.2022
өлшемі127,26 Kb.
#83315
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57
Байланысты:
казак тилин окыту
казак тилин окыту
Бекіту сұрақтары
  1. Қазақ тілін оқыту құралдары.
  2. Оқулық теориясы, құрылу принциптері.
  3. Қазақ тілі бағдарламалары.

Әдебиет 1.Сейтенова С.С. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі: оқу құралы –Алматы: 2018.-273 б.
2.Сейтенова С.С. Қазақ тілі:педагогикалық мамандық тарға арналған. Ақтөбе: 2015-272 б.
3.Асқарова С.А. Инновациялық технологиялардың қолдануы : Оқу құралы / С. А. Асқарова. - Алматы : Отан, 2016. - 56 бет
4.Бұлақбаева М.К. Педагогикалық шеберлік негіздері : Оқу құралы / М. К. Бұлақбаева. - Алматы : Отан, 2016. - 126 бет
9.4.6. Тақырыбы: Грамматика мен сөзжасамды оқытудың әдістемесі.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Грамматиканы оқытудың жалпы мәселесі.
2.Оқушыларда грамматикалық және сөзжасам қалыптасырудың әдістемелік негіздері. 3.Грамматикалық ұғымдардың мәні.
4.Сөздің морфемалық құрамын оқыту әдістемесі
Дәріс тезисі* Бастауыш мектепте оқылатын қазақ тілі курсының бағдарламасында грамматиканың алатын орны мен оны оқытудың мәні зор. Грамматиканы оқыту — оқушының сөйлеу, жазу тілі дағдысын, мәнерлі оқуын, орфографиялық, пунктуациялық және стильдік білім дағдыларының қалыптасуының, дамуының негізгі кілті болып танылады.
Тілдің қарым-қатынас, піқір алысу құралы екендігінің іштей үлкен екі объектісі бар: бірі - тілдің сөздігі, екіншісі — грамматикалық құрылысы.
Тілдің осындай екі жағын бір-бірінен ажыратпай, үнемі бірлікте, бір бүтіннің екі жағы етіп қарастырғанда ғана айтылатын ойдың түсінікті болатындығын нақ-мысал ұсынып, сөйлем құрамындағы сөздердің грамматикалық заңдылықтарының қарамағына еніп тұрғанда ғана тілдік қатынас бола алатыны сөйлем талдау процесінде түсіндіріледі. Мысалы:Таудан қарағанда, (аяқтағы астай) бұл көлдер жиегінен қарағанда, жер мен көлдің астасқан тұсына баратын үлкен бір теңіз тәрізденеді (С. Мұқанов) деген сөйлемдегі сөздер өзара әрқилы грамматикалық заңдылықтар арқылы қарым-қатынасқа түсіп, тиянақталған ойды білдіріп, соны хабарлап тұрғаны айтылады. Хабарланып тұрған тиянақты ойдың құрамындағы жеке ұғымды білдіретін сөздердің орнын ауыстырмай және олардың грамматикалық тұлғаларын (көрсеткіштерін) ескермей, әрбір сөзді сөздік мағынасында: тау қара, аяқ, ас бұл көк жиек қара, жер көл астас тұс бар үлкен бір теңіз тәрізді деген тұлғаларды тізіп айтсақ, қарым-қатынасқа түсірілген жағдайда тиянақталған ой жоқ, тек жеке ұғым атаулары ғана аңғарылады. Тияқты ойды білдіруі жеке сөздердің өзара қарым-қатынасқа түсуінен, жеке сөздердің қарым-қатынасқа түсуі ондағы қосымшаларға немесе грамматикалық заңдылықтарға (көрсеткіштерге) байланысты екендігіне оқушының көзін жеткізу керек. Көрнекілікті пайдалану арқылы оқушыларға өтілетін тақырыпты қызықты әрі жеңіл қылып, бала қиялына әсер ете отырып, оның түсінігіне сай әр түрлі заттарды немесе плакаттарды қолданып, сабақты тиімді өткізуге болады.Көрнекілік балаға жан-жақты әсер етеді. Оқушы бірінші мүғалімнен сабақты тыңдайды, екінші көрнекілік арқылы оны көз алдына елестетіп немесе нақтылы заттар арқылы көреді. Мектеп оқушылары, әсіресе көзбен көрген, қолмен үстаған нәрселерін тез естеріне сақтайды. Сондықтан көрнекілікті пайдалану мұғалім үшін де, оқушы үшін де өте тиімді. Әдіскер ғалымдар қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекілік түрлерін төрт топқа топтастырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет