Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 5В010200- бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Пән циклы атауы және коды


Тақырыбы Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқыту



бет13/57
Дата07.02.2022
өлшемі127,26 Kb.
#83315
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57
Байланысты:
казак тилин окыту

9.4.7. Тақырыбы Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқыту.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:Зат есімді оқыту әдістемесі. 1-2 сыныпта зат есімді оқыту әдістемесі. 3-4 сыныпта зат есімді оқыту әдістемесі.
Дәріс тезисі*. Қазақ тілі курсының әрбір бөлімінің қарастыратын мәселелері мен обьектілері басқа-басқа болғанмен, олар іштей өзара тығыз байланысты, бірлікте оқытылады. Сондықтан әрбір сөз табының заңдылықтарын, олардың грамматикалық белгілерін меңгертуді фонетика, лексика, орфографиялардан өтілген білімді еске түсіріп, солармен ұштастыра отырып іске асыру керек.
Сөз таптарының сыр-сипатын ашпастан бұрын, ең алдымен қазақ тілі лексикологиясындағы сөздердің мағыналық, морфологиялық белгілеріне қарай үш топқа бөлінетінінен мәлімет беріледі. Бұны мұғалімдердің өздері саралап, жіктеп алуы керек. Оқушыға нені аңғарту бағдарлама, оқулық негізінде жоспарланады.
Бастауыш сыныптарда сөз таптарын танытудың ерекшеліктері. Бастауыш сыныпта оқушылар сөз таптарын мынадай бес белгісі бойынша таниды:

  1. Сөздің мәнін, заттың аты, қимылы, саны, сыны туралы т.б. мағынасын ұғынады.

  2. Сөздің қандай сұрақтарға жауап беретіндігін айырады.

  3. Сөздің қалайша өзгеретінін, қандай категориясы бар екендігін таниды.

  4. Сөз сөйлемде қандай мүше болып, қандай синтаксистік қызмет атқаратынын түсінеді.

  5. Сөздің өзіне тән қандай жалғауы болатынын, олардың көбіне көп-көп қалай жасалатындығын ұғынады.

Зат есімді оқыту әдістемесі. Зат есімді оқытқанда оқушылардың оны өзінің сөйлеу тілінде орынды пайдаланып, емлелік жағынан дұрыс жазуға үйрету мақсаты көзделеді.Зат есімдерге қатысты болатын сын есімдерді, сын есімге қатысты зат есімдерді таптырту, оларды тіркестіре білуге үйрететін жаттығулар жүргізу тиімді. Сондай-ақ жаттығулардың ерекшеліктерін ескере отырып, балаға сын есімдердің қызметі заттардың сындық-сапалары болу екенін білдіру керек. Бұл сыныпта туынды сын есім туралы бастапқы мағлмұмат берілуге тиіс. Сондықтан бірер қосымшылар арқылы жасалған туынды сын есімдерден түсінік беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет