Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 5В010200- бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Пән циклы атауы және коды



бет16/57
Дата07.02.2022
өлшемі127,26 Kb.
#83315
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57
Байланысты:
казак тилин окыту

9. Дәрістер
Тақырыбы Сан есім туралы жалпы түсінік, сан есімді оқыту әдістемесі.
Сағат саны1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: 1 – 2 сыныптарда сан есімді оқыту әдістемесі. 3 – 4 сыныптарда сан есімді оқыту әдістемесі.
Дәріс тезисі*Сан есімдер мағынасы мен қызметі жағынан сын есімдерге өте ұқсас, демек, сын есімдер зат есімнің әрқилы сапасын, сынын, қасиетін, түр-түсін білдірсе сан есімдер тобындағы сөздер зат есімнің алуан түрлі сан мөлшерін, шамасын білдіреді.Сан есімдер ішінара есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, бөлшектік, топтау сан есімдер болып бірнеше салаға бөлінетіні сараланып түсіндіріледі.Сан есімдердің лексика-семантикалық мағыналары, морфологиялық қасиеттерін және әрбір сан есімнің сөйлемдегі негізгі қызметін түсіндіру сын есімнің ерекшелігін оқыту жолымен ұштастырылып оқытылады.
Сын есім мен сан есімнің грамматикалық белгілерінің ұқсастықтары көп. Бұл ұқсастықтар сөз таптарына тән үш түрлі принциптің үшеуіне де сын есім сан есім де ортақтасып келеді. Екінші сөзбен айтканда, сын есім заттың сынын білдірсе, сан есім заттың, санын білдіреді. Екеуі да зат есіммен тіркесіп сөйлемде, негізінен, анықтауыш қызметін атқарады. Ал морфологиялық жасалу жолдарының да ортақтастық жақтары мол. Сан есімдер дара, күрделі, негізгі, туынды болып келуі—«Сөздердің жасалуы» деген бұрын өтілген тарауда айтылған таныс категория. Осындай ерекшеліктерді ескере отырып, сан есімді ұтымды меңгертудің жолы салыстыру, сұрақ-жауап әдістері арқылы іске асады.
Сан есімдер жасалу жүйесі жағынан, семантика-лексикалық мағыналары жағынан іштей өз алдына жеке-жеке категорияларға, топқа бөлінетінін мектеп оқушыларына саралап түсіндіру көзделеді. Сан есімнің мағынасы көп: кейбір сан есім заттың дәл нақты санын білдірсе, енді біреуі ретін, үшінші бір тобы бөлшегін, төртінші бір тобы топтау көрсеткішін білдіреді Бұлардың әрқайсысының өздеріне тән мағыналық және жасалу жолы, белгілі бір қызметі болатыны айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет