Бекіту сұрақтары
1.Бастауышта етістіктен қандай білім беріледі?
2.Қандай тиімді әдіс қолданылады?
3.Ақпараттық технологияның мүмкіундіктерін қалай пайлалануға болады?
Әдебиет
1. Сейтенова С.С. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі: оқу құралы –Алматы: 2018.-273 б.
2.Сейтенова С.С. Қазақ тілі:педагогикалық мамандық тарға арналған. Ақтөбе: 2015-272 б.
3 Мейірманқұлова Т. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Астана., Фолиант, 2010
9.4.11. Тақырыбы: Есімдік туралы жалпы түсінік, бастауышта есімдікті оқыту әдістемесі.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: 4-сыныпта есімдікті оқыту әдістемесі. Үстеу туралы жалпы түсінік, бастауыш сыныпта үстеуді оқыту әдістемесі. Шылау туралы жалпы түсінік, бастауыш сыныпта шылау оқыту әдістемесі. Орфография әдістемесіндегі бағыттар.
Дәріс тезисі*Бастауыш сынып бағдарламасы бойынша есімдік сөз табы ретінде тек қана төртінші сыныпта өтіледі. Онда да есімдікті зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөз екендігі жөнінде мағлұмат беріледі.
Бұл тақырыпты оқытудың негізгі міндеттері:
- есімдік туралы алғашқы түсінік беру, есімдіктің тілде атқаратын қызметін байқату, оқушыларды есімдікті сөйлеу тәжірибелерінде саналы түрде қолдана білуге үйрету;
- оқушыларды қажет жағдайда зат есімдерді есімдікпен алмастырып қолдануға дағдыландыру;
- жіктеу есімдіктерімен таныстыру, олардың үш жақта айтылатынын білдіру;
- жіктеу есімдіктерінің септелуін меңгерту.
Есімдікті өту барысында оқушылар есімдіктердің стильдік қызметін байқап, сөйлегенде, жазғанда ол сөздерді орнымен пайдалана білуге дағдыланады.
Тұжырым, есімдіктердің мағынасы мен жұмсалу ерекшеліктері зат есім, сын есім, сан есімдердің лексика-семантикалық мағынасы және қызметімен ұштастырылып оқытылады.
Үстеуді оқыту жолдары. Үстеудің лексикалық мәні іс-әрекеттің болуы жөнінде мәлімет беру екені, оның сөз таптары ішінде тек қана етістікке байланысты айтылатыны меңгертіледі. Іс-әрекетті білдіруі жөнінен оның қашан болуы туралы — мезгілін, қайда болуы туралы — орнын, қалай болуы туралы — жай-жапсарын айқындайтыны танытылады. Соған орай үстеудің мағыналық белгісі жөнінен мезгілдік үстеу, мекендік үстеу және қимыл-сын үстеу болып бөлінетіні түсіндіріледі. Олардың формалық (құрамдық) белгісі бойынша негізгі түбір күйдегі үстеулер үйретіледі.
Үстеуді төртінші сыныпта оқытуда көзделетін мақсаттың бірі — оның басқа сөз таптарынан езгеше лексикалық мәнін таныту. Бұл ретте үстеудің сөйлемдегі сөздермен байланысына назар аударылады, демек үстеулер етістікке бейім жұмсалып, істің әр алуан жағдайын айқындап тұратыны түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, етістік арқылы білдіретін іс-әрекетті айқындап, оның ұғымын үстемелеп көрсетеді.
Шылауды оқыту әдісі. Шылау сөздерді оқушылар жеке тұрғанда мағынасы жоқ сөздер ретінде таниды. Оқушыларға танытатын шылау сөздердің белгілерінің бірі – осы. Бірақ шылаулар мағынасы жағынан бірдей емес. Бірінің мағынасы өте абстрактылы болса (да, де, ақ, әрі т.б.), бірі толық мағыналы сөздерге жуық келеді (сияқты, үшін, қарай т.б.). Осылай болғандықтан, оқушылар шылау сөздердің белгілерін білсе, олардың кез келгенін өз беттерімен ажыратып, танып алады екен демей, ең қажетті деген шылаулар ғана іріктеліп өтіледі. Оқушылардан осы өтілген, оқып таныған сөздерді ғана білу талап етіледі.
Шылауларды оқытқанда әсіресе көңіл қоятын мәселе- олардың емлесін үйрету.Оқушылар шылауларды соған ұқсас септік жалғауларымен шатастырып көп қате жібереді. Бұл қатені болдырмау үшін мұғалімдер шылаулар мен септік жалғауларды салыстырып, мағына ерекшеліктерін байқататын арнаулы жаттығулар өткізеді. Оқушылар шылаулардың қызметін жалпы түрде біледі. Олардан әр шылаудың қандай қызмет атқарып тұрғанын білу талап етілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |