Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 5В010200- бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Пән циклы атауы және коды



бет20/57
Дата07.02.2022
өлшемі127,26 Kb.
#83315
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57
Байланысты:
казак тилин окыту
казак тилин окыту
Бекіту сұрақтары
1.Шылаудан берілетін білімді меңгертуде мұғалім қандай мәселеге көңіл бөлеһуі тиіс?
2. Үстеуді төртінші сыныпта оқытуда көзделетін мақсат не?
3.Есімдікті өту барысында оқушыларда қандай дағды қалыптасады?
Әдебиет 1. Сейтенова С.С. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі: оқу құралы –Алматы: 2018.-273 б.
2.Сейтенова С.С. Қазақ тілі:педагогикалық мамандық тарға арналған. Ақтөбе: 2015-272 б.
9.4.12. Тақырыбы Орфографияны оқыту әдістемесі.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: Орфография әдістемесіндегі бағыттар.Дұрыс жазуға үйретуде грамматиканың ролі. Орфография принциптері. Орфография жұмыстарының түрлері.Орфографиялық талдау.
Дәріс тезисі* Орфография зерттейтін объектілер мыналар:1) Әріптердің жазылу емлесі.2) Түбір мен қосымшалардың қолдану жолдары.3) Сөздің бөлек-бөлек не бірігіп, я дефис арқылы жазылу емлесі, қысқарған сөздердің жазылуы.4) Бас әріптердің қолданылуы мен жазылуы. 5) Сөздің тасымалдану жолдары. 6) Шылау сөздердің емлесі. Сауатты жазу дағдысы емле ережелерін жақсы білуге байланысты қалыптасады. Оқушылар емле ережелерін өз бетімен емес, мұғалімнің үйрету нәтижесінде ұғынады.
Орфография әдістемесіндегі бағыттар.1926 жылы Баку қаласында түркологиялық 1-съезд болып, съезд араб алфавитінен латын алфавитіне көшуді жақтап, шешім қабылдады. 1928 жылы болған қазақтың латыншылар конференциясы Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті ұсынған жаңа алфавитке көшу туралы декретінің жобасын мақұлдады.
Мемлекеттік кооперативтік және басқа мекемелер 1929жылдың 1 қазаннан, газет-журнал 1930жылдың 1қаңтарынан, мектептер мен басқа да оқу орындары, 1931-1932ж.ж. оқу жылынан бастап латын әліппесін пайдаланатын болып белгіленеді. Латын алфавиті мен жаңа емле қабылданғаннан кейін көп ұзамай-ақ, алфавит пен емледе елеулі жетімсіздіктер бар екендігі аңғартылады. Осыған орай Қазақ Атқару Комитеті, Халық комиссарлары “Қазақ әліппесі мен орфографиясын біраз өзгерту туралы” 1938жылдың қаңтарында қаулы қабылдайды. Осының негізінде орыс алфавитіне көшу мәселесі күн тәртібіне қойылды. Ғылым Академиясының Қазақстандық филологтары қазақ әліппесінің жаңа жобасын ұсынады.Орфография мен орфоэпияның бір-бірімен байланыстылығымен бірге олардың өзара айырмашылығын жете түсіну үшін оқушы фонетиканы жетік білудің маңызы зор.
Мұғалім оқушылардың фонетика саласынан алған білімдерін сабақта сұрақ-жауап әдісі арқылы еситеріне түсіруге болады.Дауысты және дауыссыз дыбыстардың классификациясын таблица түрінде жазып шығуларын талап ету арқылы, төменгі сыныптарда өткен материалдарын еске түсіріп бекітеді.Дыбыс пен әріптің өзара айырмашылығын, дыбыстың тілдегі сөз құрайтын фонема, ал әріптің солардың таңбасы екендігін түсіндіргеннен соң, графика, шартты таңбаның қалай болса солай емес белгілі бір қағидаға сүйеніп жазылатынын айтады.
Тілдегі сөздердің жазылу нормалары үш түрлі принципке негізделіп жазылатынын оқушыларға кестені пайдалана отырып түсіндірген жақсы нәтиже береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет