9.4.10. Тақырыбы Бастауыш сыныпта етістікті оқыту әдістемесі.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1-2 сыныпта етістікті оқыту.
3-4 сыныпта етістікті оқыту.
Дәріс тезисі*Етістік зат есімнен кейінгі өз ішінде категорияға бай күрделі сөз табы болып саналады.
Етістік сөздердің өз ішіндегі ерекшеліктерін былай қойғанда, «Етістік» деген атаудың өзі абстрактілі. «Етістік» терминін түсіндіруде олардың грамматикалық белгілеріне терең үңіліп, оларды жан-жақты талдауға, қалай ұтымды жолдар арқылы меңгерту керек екеніне творчестволық ізденіс жасалу қажет.
Етістік - сөз табының таптастырылуының үш принципіне толық жауап беретін, мағынаға да, тұлғаға да, қызметке де бай категория. Етістіктің мағынасын, морфологиялық көрсеткіштерін және синтаксистік ерекшеліктерін байқатуда, негізінен, әңгімелесу, сұрақ-жауап, салыстыру әдістерін басшылыққа алу қажет. Әңгіме әдісінде етістіктің қимыл, амал-тәсіл, іс-әрекет ұғымдарының атауы екендігі анықталып, олардың сұрағы айқындалады да, етістіктің үнемі зат — обьектімен және қимылды орындаушы — субьектімен табиғи байланыста болатындығы заңдастырылып отырылуға тиіс. Сонымен қатар, оқушылардың творчестволық ізденістерінің нәтижесінде етістік сөздердің үнемі мезгіл, уақыт, кеңістікпен де байланысып, қоғам құбылысының алуан түрлі жайы да сол сөздер арқылы танитындары да ескертіледі. Сондықтан оқушылардың білім, жас ерекшелігіне, қабілет дәрежесіне сәйкес бірнеше сөйлемдер алып, оны көрнекілік түрде жазып, әңгімелесу, сұрақ-жауап әдісі арқылы түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |